Bosch UniversalHumid Notice Originale page 232

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 31
232 | Қазақ
Алдыңғы жақтарда өлшеу әрекеттерін орындамаңыз, әйтпесе сүрек өте жылдам
кеуіп қалады. Бұл қате өлшеу нәтижелерін тудыруы мүмкін.
Отындағы ылғалдылықты өлшеген кезде, өлшеуден бұрын сүрек сынамасын бөліп
алған және үш нүктеде өлшеген жөн. Өлшеу нүктесі: сол мен оң жақ кесік жиегінен 5
см-ге ары және шөрке отын ортасында (B суретін қараңыз).
Өлшеу процесі
Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз. Ол үшін қорғаныш қаптаманың (6) екі
жағын да азғантай тартыңыз. Қорғаныш қаптаманы өлшеу құралының артқы жағына
(магнит арқылы) бекітіңіз, 3-беттегі суретті қараңыз.
Өлшеу әрекетінен бұрын қоршаған орта температуасы өлшеу нысанының
температурасына сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. Қажет болса, өлшеу құралы
қоршаған орта температурасына бейімделгенше күте тұрыңыз.
Ылғалдылықты өлшеу әрекеттерін кесік жиектерінен кемінде 5 см арақашықтықта
орындаңыз, себебі жиектегі сүрек ортадан жылдамырақ кебеді (B суретін қараңыз).
Сүректің үстіңгі бетінде өлшемеңіз. Жаңбырдан немесе шықтан су жиналуы және
өлшеуге әсер етуі мүмкін.
Әрдайым талшыққа көлденеңінен өлшеңіз. Талшықпен қатарлас немесе жылдық
шеңбер бойымен өлшемеңіз (A суретін қараңыз).
Өлшеу әрекеті істіктердің (5) енгізу тереңдігінің аймағында орындалады. Оңтайлы
өлшеу нәтижесіне істіктер ағаш кесегіне шамамен 4–5 мм-ге кіргізілген кезде қол
жеткізуге болады. Бұл ретте бағдарлау 5 мм тереңдікке орнатылатын істіктердегі
кертікті қамтамасыз етеді.
Өлшеу әрекетін іске қосу үшін істіктерді сүрекке жылжытыңыз. Назар аударыңыз:
бұл ретте күш қолданбаңыз және өлшеу құралын сүрекке тигізу үшін басқа заттарды
пайдаланудан бас тартыңыз! Істіктерді сүрек ішіне сол мен оң жаққа жылжыту
арқылы енгізіңіз.
Өлшеу әрекеті істіктер (5) сүрекпен жанасқан мезеттен басталады. Өлшенетен
сүрек ылғалдылығы дисплейдегі (3) (a) жолағында көрсетіледі. Оған қоса жарық
диоды (4) өлшенетін сүрек ылғалдылығы туралы сигнал береді:
– жасыл: критикалық емес сүрек ылғалдылығы (< 12 %)
– сары: қауіпті сүрек ылғалдылығы (12 % ... 20 %)
– қызыл: критикалық сүрек ылғалдылығы (> 20 %)
Өлшеу мәндеін сақтау
Өлшеу мәнін сақтау үшін қосу/өшіру/Hold түймесін (1) қысқаша басыңыз. Сақталған
өлшеу мәні дисплейдің (3) астыңғы жолағында (b) көрсетіледі. Жаңа өлшеу мәні
дисплейдің (3) (a) жолағында көрсетіледі. Жаңа өлшеу мәні астыңғы жолақта (b)
1 609 92A 5EY | (29.04.2020)
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières