Өнім Және Қуат Сипаттамасы - Bosch UniversalHumid Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 31
Өнім және қуат сипаттамасы
Мақсаты бойынша қолдану
Өлшеу құралы сүрек ылғалдылығын шамамен анықтау үшін қолданылады.
Қарсылықты өлшеу функциясының көмегімен өлшенетін нысанның өткізгіштігі
арқылы оның құрамындағы ылғал анықталады. Көрсетілген өлшеу мәні сүрек
ылғалдылығын пайыз бойынша көрсетеді. Ол сүректің құрғақ массасына қатысты
болып келеді.
Өлшеу құралы 5 мм шамасынан жіңішке өлшенетін нысандардың сүрек
ылғалдылығын анықтау үшін жарамайды.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
Өлшеу құралы шашыранды судан қорғалмаған және шаңнан қорғалмаған.
Есептеу мысалдары
Сүрек ылғалдылығы:
Сүрек ылғалдылығы төмендегі формула бойынша есептеледі және оны бар өлшеу
құралының көмегімен қолайлы түрде анықтауға болады:
Сүрек ылғалдылығы, % = (сүректегі су массасы  ∕  сүректің құрғақ массасы) x 100
Сүректің су құрамы:
Сүректің су құрамы төмендегі формула бойынша есептеледі:
Су құрамы, % = (сүрек ылғалдылығы  ∕  (100 + сүрек ылғалдылығы)) x 100
1-мысал: 100 % сүрек ылғалдылығы
Су құрамы, % = (100  ∕  (100 + 100)) x 100 = 50 %
2-мысал: 1 кг ылғалды сүректегі 50 % сүрек ылғалдылығы:
Су құрамы, % = (50  ∕  (100 + 50)) x 100 = 33,3 %, шамамен 333,3 г суға сәйкес
келеді.
Сүректің құрғақ массасы шамамен 666,6 г құрайды.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі өлшеу құралының
көрсетіліміне қатысты болып келеді.
(1)
Қосу/өшіру/Hold түймесі
(2)
Сүрек топтарын таңдау түймесі
(3)
Дисплей
(4)
Жарық диодты индикатор
Bosch Power Tools
Қазақ | 227
1 609 92A 5EY | (29.04.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières