Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GKS Professional 85 Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GKS Professional 85:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
156 | Қазақ
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (1) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандамаларды (16) және (8) босатыңыз.
Араны бұраңыз. Қажетті өлшемді (6) шкаласында
орнатыңыз. (16) мен (8) қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (29) көрсетілген саннан кем.
Аралау бұрышының белгілері
45
0
0° кесу белгісі (9) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (10) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (2) басып кейін қосқыш/өшіргішті (3) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (3)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (3)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
1 609 92A 4PY | (02.02.2021)
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
45
0
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Параллельді тіреуішпен аралау (E суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (11) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қатпарлы бұрандаманы (7) босатып параллельді тірек
(11) шкаласын тіреу тақтасының (14) бағыттауышында
жылжытыңыз. Керекті кесу енін тиісті (9) немесе (10)
кесу белгісінде шкалалық мән ретінде орнатыңыз,
"Аралау бұрышының белгілері" тарауын қараңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (7) қайтадан берік бекітіңіз.
Көмек тіреуішпен аралау (F суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Бағыттауыш шинамен аралау (GKS 85 G)
(G−H суреттерін қараңыз)
Бағыттауыш шина (31) көмегімен тік кесіктерді
орындауға болады.
Бағыттауыш шинаның резеңке жиегі ағашты аралау
кезінде материалдың шығып кетуін болдырмайды. Ол
үшін ара төсемі тікелей резеңке жиекке тістерімен
тақалып тұруы керек.
Алғаш рет аралау алдында бағыттауыш шина (31)
көмегімен резеңке жиекті пайдаланылатын дискілік
арамен туралау керек. Ол үшін бағыттауыш шинаны (31)
дайындаманың бүкіл ұзындығына қойыңыз. Шамамен
9 мм аралау тереңдігін орнатыңыз және аралаудың тік
бұрышын реттеңіз. Дискілік араны қосыңыз және жайлап
басып, аралау бағытында жүргізіңіз.
Жалғағыш бөліктің (32) көмегімен екі бағыттауыш
шинаны байланыстыруға болады. Бекіту жалғау
бөлшегінде орналасқан төрт винт көмегімен жүзеге
асырылады.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gks professional 85 g

Table des Matières