Bosch GRO 12V-35 Professional Notice Originale page 160

Masquer les pouces Voir aussi pour GRO 12V-35 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
160 | Қазақ
бұрғы)цангалы қысқыштың (19) құрал бекіткішіне
(13) енгізіңіз.
Нұсқау: алмалы-салмалы аспаптың бекіткіш білігі (18)
тірелгенше, бірақ кемінде 10 мм тереңдігінде цангалы
қысқышта тұрғанына көз жеткізіңіз.
– Шпиндель бекіткішін (5) басып тұрып, алмалы-
салмалы аспапты қысқыш гайканы (12) айыр тәрізді
кілтпен (17) сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы
қысыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
– Қысқыш гайканы (12) алдында сипатталғандай
босатып, алмалы-салмалы аспапты шығарып алыңыз.
Кескіш дискіні орнату (C суретін қараңыз)
Жинақта шыны талшықпен нығайтылған кескіш дискілер
бар. Оларды металл, ағаш пен пластикті ою, фрезерлеу
және кесу үшін пайдалануға болады.
– Ұстағыш штифтіні (2) құрал бекіткішіне енгізіңіз
(қараңыз „Алмалы-салмалы аспапты орнату (B суретін
қараңыз)", Бет 159)).
– Шпиндель бекіткішін (5) басып тұрып, ұстағыш
штифтегі (2) бұрандасын бұрауышпен (17) толықтай
бұрап шығарыңыз.
– Кескіш дискіні (1) ұстағыш штифтке (2) орнатып,
бұранданы қайтадан бұрап бекітіңіз.
Цангалы қысқышты алмастыру (D суретін
қараңыз)
– Шпиндель бекіткішін (5) басып, қысқыш гайканы (12)
бұғатталғанша қолмен бұраңыз.
– Шпиндель бекіткішін басып тұрып, қысқыш гайканы
(12) айыр тәрізді кілтпен (17) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап босатыңыз.
– Қысқыш гайканы (12) цангалы қысқышпен (19) бірге
шығарып алыңыз.
– Қажетті цангалы қысқышты жетек шпинделіне (20)
енгізіңіз.
– Қысқыш гайканы (12) жетек шпинделіне (20) бұрап
бекітіңіз де, айыр тәрізді кілтпен (17) сағат тілінің
бағытымен сәл тартып қойыңыз.
Шаңнан қорғайтын қаптаманы алмастыру (E
суретін қараңыз)
Жинақта шаңнан қорғайтын екі қаптама бар.
Шаңнан қорғайтын қаптаманы (11) күрделі жұмыстарда
жақсы тұтқа қолданылғанда пайдаланыңыз.
Шаңнан қорғайтын қаптаманы (21) дайындама бетіне
жақын жұмыс істегенде пайдаланыңыз.
Шаңнан қорғайтын қаптама жұмыс кезінде құрал
бекіткішіне шаңнын кіруінен қорғайды. Аспапты
пайдаланудан алдын шаңнан сақтайтын бұқтырманың
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
– Пайдаланған шаңнан сақтайтын бұқтырманы бұрап
шығарыңыз.
1 609 92A 54U | (26.07.2019)
– Жаңа шаңнан сақтайтын бұқтырманы бұрап бекітіп
тартып бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды (9) аккумулятор бекіткішіне
шерту дыбысымен тірелгенше және дұрыс жатқанша
енгізіңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты
ажыратқышты (6) алға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (6) артқа
жылжытыңыз.
Айналу жиілігін реттеу
Айналу жиілігін реттегіштің (7) көмегімен электр
құралының айналу жиілігін жұмыс істеу кезінде де
сатысыз реттеуге болады.
Айналу жиілігінің
деңгейі
1
2
3
4
5
6
– Пластикті және төмен балқу температурасына ие басқа
дайындамаларды төмен айналу жиілігімен өңдеңіз.
– Ағаш, темір немесе болатты жоғары айналу жиілігімен
кесіңіз.
Айналу жиілігін реттеу
диапазоны
-1
5000 – 8000 мин
-1
9000 – 12000 мин
-1
16000 – 19000 мин
-1
20000 – 24000 мин
-1
24000 – 28000 мин
-1
30000 – 35000 мин
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières