Bosch D-tect 150 SV Professional Notice Originale page 158

Masquer les pouces Voir aussi pour D-tect 150 SV Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 22
158 | Қазақ
автоматты түрде өшіп қалады. Өлшеулерді орындау
мүмкін емес. Батарея немесе аккумуляторларды
алмастырыңыз.
Батареяларды немесе аккумуляторларды шығару үшін
батарея бөлімінің қақпағындағы суретте көрсетілгендей,
батареяның/аккумулятордың артқы жағына басыңыз (1.).
Батарея/аккумулятордың алдыңғы жағы батарея
бөлімінен (2.) ажырайды, енді батарея не аккумуляторды
оңай шығаруға болады.
Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей
алмастырыңыз. Тек бір өңдірушінің және қуаты бірдей
батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз,
u
батареяны немесе аккумуляторларды өлшеу
құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт жатқан
батареялар немесе аккумуляторлар тот басуы және
зарядын жоғалтуы мүмкін.
Пайдалану
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
u
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
u
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс.
Температура айырмашылықтары үлкен болса, оны
қосу алдында температурасын теңестіріңіз.
Айрықша температура немесе температура
тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі мен
дисплей көрсеткіші төменделуі мүмкін.
Өлшеу құралының артқы жағындағы сенсор
u
аймағына (9) ешқайндай жапсырмалар немесе
тақтайшалар орнатпаңыз. Әсіресе металды
тақтайшалар өлшеу нәтижелеріне әсер етеді.
Жіберу жабдықтарын, мысалы, WLAN, UMTS, ұшу
u
радары, радиодеңгек немесе микротолқындар
сияқты, жақын қоршауда пайдалану өлшеу
функциясына әсер етеді.
Өлшеу нәтижелерінің сапасы арнайы қоршау
u
жағдайында төмендеуі ықтимал. Бұларға, мысалы,
күшті электр, магнит немесе электромагнит өрісін
тудыратын құралдардың жақындығын, ылғалды,
металды қамтитын құрылыс, фольгамен оралған
тежеу материалдарының және ток өткізетін
тұсқағаздардың немесе плиткалардың болуы
жатады. Сол үшін қабырға, төбе немесе еденде
бұрғылау, аралау немесе фрезамен өңдеуден алдын
басқа мәлімет көздеріне де назар аударыңыз (мысалы,
құрылыс жоспарлары).
1 609 92A 4G1 | (28.08.2018)
Жұмыс режимі (B суретін қараңыз)
Өлшеу құралымен
сенсорлар аймағының (9)
астыңғы беті A өлшеу
A
бағытында көрсетілген
өлшеу тереңдігіне дейін
тексеріледі. Өлшеу құралын
B бағытымен жылжытқанда
және 10 см минималды
9
өлшеу қашықтығында ғана
өлшеу мүмкін болады.
Өлшеу құралын тура аз
B
басып жылжытыңыз,
дөңгелектер бекем
B
қабырғаға тиіп тұруы
керек. Қабырға
материалынан айырмашылығы бар нысандар
айқындалады. Дисплейде нысан тереңдігі және
мүмкін болса, нысан материалы көрсетіледі.
Оңтайлы өлшеу нәтижелеріне өлшеу қашықтығы кемінде
40 см болғанда және өлшеу құралы ақырын бүтін
тексерілетін жайда жылжытылғанда қол жеткізіледі.
Функцияға байланысты ретте өлшеу құралының әрекетін
көлденең жатқан нысандардың жоғарғы шеттерінің
өлшемдері сенімді болады.
Сол үшін тексерілетін аймақты әрдайым крест тәрізді
жылжытып тексеріңіз.
Егер қабырғада бірнеше нысан бір бірінің үстінде жатқан
болса, дисплейде жоғарғы бетке ең жақын жатқан нысан
көрсетіледі.
Табылған нысанның дисплейде (16) көрсетілген
сипаттары нақты сипаттардан ауытқуы мүмкін. Әсіресе
жұқа нысандар дисплейде қалыңырақ көрсетіледі. Үлкен,
цилиндрлік нысандар (мысалы, пластик немесе су
құбырлары) дисплейде нақты күйінен жіңішке көрінуі
мүмкін.
Табылатын нысандар
– Пластик құбырлар (мысалы, су өткізетін пластик
құбырлар, еден мен қабырғалық жылыту жүйелері
сияқты, кемінде 10 мм диаметрмен, бос құбырлар
кемінде 20 мм диаметрмен)
– Электр сымдар (ток өткізетін не өткізбейтін)
– Үш фазалық сымдар (мысалы, плита үшін)
– Кіші кернеулі сымдар (мысалы, қоңырау, телефон)
– Металл құбырлар, таяқтар, тасушылар (мысалы, болат,
мыс, алюминий)
– Арматуралық темір
– Ағаш балкалар
– Бос бөлмелер
Өлшеу төмендегілердей мүмкін болады
– Бетонда/болаттық бетонда
– Қабырғада (кірпіш, тесікті бетон, газды бетон, пемза,
ізбесті құм тас)
– Гипсокартондық қабырғаларда
– Сылау, плитка, тұсқағаз, паркет, кілем сияқты беттер
астында
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières