Қауіпсіздік Нұсқаулары - Bosch ISIO Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour ISIO:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
162 | Қaзақша
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде
көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
F 016 L81 391 | (15.9.16)
Қауіпсіздік нұсқаулары
Белгілердің мағынасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға апаруы
мүмкін.
Бақ электр бұйымымен жұмыс істеген уақытта
әрқашан қорғау көзәйнегін және тұрақты аяқ
киімін киіп жүріңіз.
Электрбұйымның жанындағы адамдардың
құрылғы жұмысынан серпіліп шашылатын
заттарының түспеуіне назар аударыңыз.
Сақтандыру: Бақ электрбұйымы іске қосылып
тұрғанда оған қауіп-қатерсіз аралықта
тұрыңыз.
Электрбұйымды жауын жауып тұрғанда
қолданбаңыз немесе оны жауын астында
қалдырмаңыз.
Назарыңызда болсын: Бақ электрбұйымы
өшірілгеннен кейін оның кесу пышағы әлі
жұмыс істеп тұрады!
Электр оталдырғышты тек қана құрғақ
бөлмелерде қолданыңыз.
Бетке немесе жануарларға қарай бүріктіріп
шашпаңыз.
Жанып кете алатын сұйықтықтарды
қолданбаңыз.
Шығып тұратын буларды демге тартпаңыз.
Сақтауға қою алдынан бүріккіш ішін бақта
жүргеніңізде толығымен босатып алыңыз.
Бүріккіш ішінде болған заттарды жуғышқа
немесе канализацияға төкпеңіз. Бұйымда
ешбір химиялық заттарды немесе
қалдықтарды сақтамаңыз.
Бақ электр бұйымын қауіпсіз, құрғақ және
балалар қолы жете алмайтын жерде сақтаңыз.
Бақ электр бұйымы үстінен ешбір басқа
заттарды қоймаңыз.
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
ЕСКЕРТУ
және ескертпелерді оқыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières