Қауіпсіздік Нұсқаулары - Bosch AHS 45-26 Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour AHS 45-26:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 15
OBJ_BUCH-1549-006.book Page 125 Friday, September 23, 2016 12:22 PM
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде
көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Bosch Power Tools
Қауіпсіздік нұсқаулары
Белгілердің мағынасы
Қолдану нұсқаулығын оқыңыз.
Бақ секатор-қайшысын жауын астында
қолданбаңыз. Бақ секатор-қайшысын жауын
астына шығармаңыз.
Бұйымды орнату, тазалау жұмыстарын өткізу
алдында, желі кабелі оралып, кесіліп немесе
зақымданып бұзылып қалғанда, немесе бақ
секатор-қайшысын біраз уақыт үшін де
бақылаусыз қалдырғаныңызда бақ
электрбұйымын өшіріп алып, желі ашасын
желі розеткасынан шығарып қойыңыз.
Құлақ сақтағышын киіңіз.
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
ЕСКЕРТУ
және ескертпелерді оқыңыз. Техни-
калық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді
сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған «Электр
құрал» атауының желіден қуат алатын электр құралдарына
(желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын
электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
 Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған
жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған
жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі
мүмкін.
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қауіпі бар қоршауда электр құралды
пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып,
шаң немесе буларды жандыруы мүмкін.
 Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар
және басқа адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз.
Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
 Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыюы
қажет. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес.
Жерге қосулы электр құралдарменен ешқандай
адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген
айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр
тоқ соғу қауіпін төмендетеді.
F 016 L81 510 | (23.9.16)
Қaзақша | 125

Hide quick links:

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières