нұсқаулықтың талаптарына сай мұқият
өткізу керек. Қауіпсіздік, пайдалану
жəне техникалық қызмет көрсету
нұсқауларын сақтамаудан пайда болған
бүкіл шығындар үшін пайдаланушының
өзі ғана жауапты болады.
Атап айтқанда, бұл мыналарға қатысты:
– өлшемі жеткіліксіз жеткізу сымын
пайдалану (көлденең қима).
– қате электр қосылымы (кернеу).
– өнімге STIHL компаниясы рұқсат
етпеген өзгерістер енгізу.
– сапасы төмен, қабылдарлық емес,
құрылғыға арналмаған құралдарды
жəне керек-жарақтарды пайдалану.
– өнімнің мақсатына сай
қолданылмауы.
– өнімді спорттық немесе конкурстық
іс-шараларда қолдану.
– бөлшектері ақаулы өнімді
пайдаланудан болатын зақымдар.
3. Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар
«Техникалық қызмет көрсету»
бөлімінде көрсетілген барлық жұмыстар
тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі
осы жұмыстарды пайдаланушы өз
бетімен өткізе алмаған жағдайда
делдалға хабарласу керек.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды жəне
жөндеуді орындау үшін тек қана STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
0478 121 9910 A - KK
Осы жұмыстар өткізілмеген жағдайда
пайдаланушыны жауапкершілікке
тартатын зақымдар пайда болуы
мүмкін.
Оларға мыналар жатады:
– cалқындататын ауа өткізгішке
қатысты тазалайтын жұмыстардың
дұрыс орындалмауының
салдарынан электр қозғалтқыштың
бұзылуы (саңылаулы ауа сорғыш),
– тоттануға жəне дұрыс сақтамауға
байланысты басқа да зақымдары.
– сапасыз қосалқы бөлшектерді
қолдануға байланысты сынған
жерлері.
– уақытында өткізілмеген немесе
жеткіліксіз түрде өткізілген
техникалық қызметтен туындаған не
болмаса біліксіз тұлғалар тарапынан
өткізілетін сервистік жəне жөндеу
жұмыстарының кезінде пайда болған
зақымдар.
15. Қоршаған ортаны
қорғау
Шабылған шөпті қоқыс
ретінде лақтыруға болмайды,
оны компостирлеу керек.
Қаптамасы, құралдың өзі
жəне керек-жарақтар, кəдеге
жаратылатын материалдардан
өндіріліп, тиісті тұрпатта кəдеге
жаратылуы қажет.
Материалдың қалдықтарын бөлшектеп,
экологиялық рұқсат етілген түрде
пайдаға асырғанның арқасында, осы
үшін жарамды қалдықтарды көп рет
қолдануға мүмкін болады. Осы
себеппен, əдеттегі қызмет ету мерзімі
өткеннен кейін, құрал, өңделгеннен
кейін қайтара қолданыла алатын
қалдықтардың жиналатын орнына
жіберіледі. Пайдаға асырған кезде
«Пайдаға асыру» бөлімінің
нұсқауларын ұстаныңыз. (
Өзіңіздің пайдаға асыратын орталыққа
немесе қалдықтарды қалайша кəсіби
түрде пайдаға асыруға болатындығын
білу үшін делдалдарға жүгініңіз.
16. Басқа да қосалқы
бөлшектер
Шапқыш пышағы:
6340 702 0100
Пышақ бұрандамасы:
6340 760 2801
Пышақты əр ауыстырған сайын
пышақ бұрандамасын да
ауыстыру керек. Қосалқы
бөлшектерді STIHL
делдалдарынан сатып алуға
болады.
17. ЕО талаптарына
сəйкестік туралы
декларация
17.1 Көгалшапқыш, қолмен
басқарылады жəне желі арқылы
жұмыс істейді (STIHL RME)
STIHL Tirol GmbH
Hans Peter Stihl-Straße 5
6336 Langkampfen
Австрия
төмендегіні толық жауапкершілікпен
жариялайды:
Көгалшапқыш, қолмен басқарылады
жəне желі арқылы жұмыс істейді (STIHL
RME),
4.9)
491