Тағайындалу Бойынша Қолдану - Bosch UniversalChainPole 18 Notice Originale

Perche élagueuse sans fil
Masquer les pouces Voir aussi pour UniversalChainPole 18:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
OBJ_BUCH-3155-002.book Page 223 Wednesday, February 28, 2018 10:04 AM
Тек қуаты 1,5 Аh бастап Bosch
литий-иондық аккумуляторлерді
зарядтаңыз (3 аккумулятор
элементтерінен бастап).
Аккумулятор қуаты зарядтау
құралының аккумуляторды
зарядтау қуатына сәйкес болуы
қажет. Қайта зарядталмайтын
батареяларды зарядтамаңыз.
Кері жағдайда өрт немесе жарылу
қауіпі пайда болады.
Зарядтау құралын жаңбырдан, сыздан
қорғаңыз. Зарядтау құралының ішіне су кірсе,
ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
 Тек Bosch литий-иондық аккумуляторларды
зарядтаңыз. Аккумулятор қуаты зарядтау
құралының аккумуляторды зарядтау қуатына
сәйкес болуы қажет. Кері жағдайда өрт немесе
жарылу қаупі пайда болады.
 Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы
тоқ соғуы қаупін туындатады.
 Әр пайдаланудан алдын зарядтау құралын,
кабельді және айырды тексеріңіз. Ақауды
байқасаңыз зарядтау құралын пайдаланбаңыз.
Зарядтау құралын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті
маманға және түпнұсқалы бөлшектермен
жөндетіңіз. Зақымдалған зарядтау құралы, кабель
және айыр электр тоғының соғу қаупін арттырады.
 Зарядтау құралын қосулы күйде оңай жанатын
беттердің (мысалы, қағаз, мата және т.б.) үстіне
қоймаңыз немесе жанғыш заттардың жанында
пайдаланбаңыз. Зарядтау кезінде зарядтау
құралының қызуы себебінен өрт қаупі пайда болады.
 Зарядтау құралының саңылауын жаппаңыз.
Әйтпесе зарятау құралы қызып, дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
 Жоғары электрлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алу
үшін, максималдық ажырату тоғы 30 мА болған
дифференциалдық тоқ құралын қолдануыңыз лазым.
Дифференциалдық қорғау құралын қолдану алдынан
оны әрқашан алдымен тексеріп алыңыз.
Техникалық қызмет көрсету
 Бақ электрбұйымда тазалау немесе орнату
жұмыстарын өткізу алдынан, немесе
электрбұйымды біраз уақыт бойы бақылаусыз
қалдырғаныңызда оның ішіндегі батареясын
шығарып алыңыз. Шынжырлы ара аумағында әрекет
еткенде немесе жұмыс істегеніңізде әрқашан арнайы
бақ қолғаптарын киіп жүріңіз.
 Бақ электрбұйымын тексеріп, қауіпсіздік себептерінен
тозып немесе бұзылып кеткен бөлшектерін
ауыстырыңыз.
Bosch Power Tools
 Бақ электрбұйымның қауіпсіз түрде жұмыс істеуін
қамтамасыз ете алу үшін бүкіл сомдар, бұрандамалар
мен бұрандаларының тұрақты түрде бекітілгенің
тексеріп алыңыз.
 Ауыстырылатын бөлшектерінің Бош фирмасының
бұйымдары болғанына назар аударыңыз.
 Биіктікте кескіш құралын құрғақ және қауіпсіз жерде,
балалардың қолы жете алмайтын қылып сақтаңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер пайдалану нұсқаулықтарын оқып
түсіну үшін маңызды. Белгілер менен олардың
мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Белгі
Мағына
Реакция бағыты
Қозғалыс бағыты
Қосу
Өшіру
Керек-жарақтар
Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл құрал тұрмыстық қолдану үшін, пайдаланушы жерде
тұрып, жоғарырақ биіктегі ағаштар мен бұталарды кесу
үшін арналған. Құрал бейорганикалық материалдарды
кесу үшін немесе баспалдақтарда тұрып пайдалану үшін
жарамды емес. Құрал өндірістік немесе кәсіпорындық
қолдану үшін тағайындалмаған.
Жеткізу көлемі (В суретін қараңыз)
Электр бұйымды оның қорабынан абайлап алып, келесі
бөлшектердің толығымен бар болғанын тексеріп алыңыз:
– Биіктікте кескіш құралының басы
– Телескоптық тұтқасы
– Аккумулятор**
– Зарядталу құралы**
– Тасу белбеуі
– Шынжырды қорғау құралы
– Қолдану нұсқаулығы
– Ішкі алты қырлы бұрандамалы бұрағышы
– Шынжырлы аралар үшін адгезивтік майы
Бөлшектер жетпей немесе бұзылған қалыпта болғанда
осы бұйымды сатқан сатушымен хабарласыңыз.
** Елге байланысты
Қазақша | 223
F 016 L81 582 | (28.2.18)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 600 hb3 1 série

Table des Matières