Bosch UniversalChain 18 Notice Originale page 246

Masquer les pouces Voir aussi pour UniversalChain 18:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 27
OBJ_BUCH-3472-001.book Page 246 Thursday, December 21, 2017 4:11 PM
246 | Қaзақша
 Тек қана ағаш кесу үшін. Шынжырлы араны
мақсатталмаған жұмыстар үшін қолданбаңыз.
Мысалы: Шынжырлы араны пластмасса, тас
қалаулары немесе ағаштан жасалмаған құрылыс
материалдарын кесу үшін қолданбаңыз.
Шынжырлы араны мақсатталмаған жұмыстар үшін
қолдану қауіпті жағдайларға апаруы мүмкін.
 Кері соққының пайда болуы себептері мен оларды
болдырмау жолдары:
– Жүргізу шинасының ұшы кез келген бір затқа
жанасып тигенде немесе ағаш бүгіліп, ара шыншыры
кесілген жерде қысылып тұрып қалғанда кері
соққының пайда болуы мүмкін.
– Кейбір кездерде, шина ұшын түртіп қалу кездейсоқ
артқа қарай бағытталған реакцияға апарып, осы
реакция саласында жүргізу шинасы жоғарыға қарай
және қолданушы жағына қарай соғылып апарылуы
мүмкін.
– Ара шынжыры жүргізу шинасының ұшында қысылып
қалуы шинаны дереу қолданушы бағытына кері итерір
жіберуі мүмкін.
– Осы реакциялардың әрқайсысы ара ұстау мен
қолдану бойынша бақылауды жоғалтып, қатты
жараланып қалуыңызға апаруы мүмкін. Тек қана
шынжырлы ара ішіне құрастырылып орнатылған
қауіпсіздік құрылғылар жүйесіне сүйенбеуіңіз лазым.
Жазатайым апаттарсыз және жарақаттанусыз жұмыс
істей алу үшін шынжырлы араны пайдаланушы ретінде
түрлі қауіпсіздік шараларын қолдануыңыз лазым.
Кері соққы электр бұйымды лайықсыз немесе қате
түрде қолдану салдарынан пайда болады. Төменде
көрсетілгендей, лайықты қауіпсіздік шараларын
қолдану арқылы осы кері соққының пайда болуына жол
берілмейтін болады:
 Араны екі қолыңызбен бекем ұстаңыз,
қолдарыңыздың басбармақтары мен бармақтары
шынжырлы араның тұтқалары айналасынан бекем
ұстап тұруы қажет. Денеңіз бен қолдарыңызды кері
соққы күштеріне қарсы, аяғыңызбен басып тұра
алатындай болатын тұрысқа қойыңыз. Лайықты
шараларын қолданылғанда пайдаланушы кері соққы
күштеріне қарсы тұра алады. Шынжырлы араны
ешқашан қолдарыңыздан босатып шығарып
жібермеңіз.
 Денеңізді лайықсыз және қалыпсыз тұрыста
ұстамаңыз және кесілетін өнімдерді
иықтарыңыздың биіктігінде болғанда кеспеңіз. Бұл
арқылы шина ұшымен бақылаусыз түрде жанасып
түртіп қалуына жол берілмей, шынжырлы араның
кездейсок жағдайларда жақсырақ бақылап
басқарылуы қамтамасыз етіле алынады.
 Әрқашан шығарушы тарабынан талап етілетін
қосалқы шиналары мен ара шынжырларын
қолданыңыз. Лайықсыз қосалқы шиналары мен ара
шынжырлары шынжырдың жыртылуына немесе кері
соққыға апаруы мүмкін.
F 016 L81 719 | (21.12.17)
 Ара шынжырын қайрау және күту үшін
шығарушының нұсқауларына сай әрекет етіңіз.
Тереңдікті шектеушінің мәні тым төмен болғаны
соққыға бейімді болуын арттырады.
Қосымша қауіпсіздік
нұсқаулықтары
 Алғашқы рет іске қолдану алдынан қолданушы
тәжірибесі бар бір маман арқылы шынжырлы араның
қолдануы мен қорғаныс құрылғылар жүйелердің
қолдануы бойынша тәжірибелік мысалдар
көрсетілуімен үйретілуі лазым. Алғашқы жаттығу
ретінде ағаш діңдерін ағаш кесу үшін арналған
тақтайлар үстінде немесе түпқойма үстінде кесу
жаттығуы болуы лазым.
 Физикалық, сенсорлық не психикалық қабілеттері
шектеулі немесе тәжірибесі жеткіліксіз, және/немесе
білімі жеткіліксіз тұлғалар (осылармен қатар баларар)
тарапынан қолдану үшін мақсатталмаған, немесе осы
тұлғалар бұл электрбұйымды тек қана осылардың
қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның қадағалауымен,
немесе бұйымды пайдалану тәртібімен және
осылармен байланысты қауіпттерімен танысқаннан
кейін пайдалануы тиіс.
Балалардың осы бақ электрбұйыммен ойнауын
болдырмау үшін оларды қадағалап отыру тиіс.
 Балалар мен жас ересектерге, жасы 16 асқан
кәсіптік білім беру оқу орындарының оқушылары
болмаса, шынжырлы арамен жұмыс істеу рұқсат
етілмейді. Шынжырлы арамен жұмыс істеу
бойынша білімі немесе тәжірибесі жоқ немесе
жеткілікті болған тұлғаларға да жоғарыда
көрсетілгендей талаптар қойылады. Қолдану
бойынша нұсқаулығы әрқашан қолдану үшін қол
жетімді жерде жатуы керек. Шаршаған немесе ауыр
физикалық жұмыстарды жасау үшін денсаулығы
лайықсыз болған тұлғаларға шынжырлы арамен жұмыс
істеу рұқсат етілмейді.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Құралды құлдану алдында оның қорғау
құрылғылары мен тұтқаларының барлығының
дұрыс құрастырып орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Толығымен құрастырып орнатылмаған немесе рұқсат
етілмеген өзгертулері бар болған құралды ешқашан
іске қоспаңыз.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
 Бағыттауыштың қорғау қақпақшасын ешқашан
алып тастамаңыз немесе өзгертпеңіз! Ара, оның
ұшы байқаусызда ағашқа қарай басылып қалғанда кері
соққының пайда болуын болдырмау үшін арналған
бағыттауыштың қорғау қақпақшасымен жабдықталған.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières