Télécharger Imprimer la page

Bosch GKS Professional Notice Originale page 144

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
OBJ_BUCH-2470-001.book Page 144 Monday, April 13, 2015 9:11 AM
144 | Қaзақша
Жинау
Аралау дискісін орнату/ауыстыру
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
 Тек осы пайдалану нұсқаулығының техникалық
деректеріне сәйкес келетін аралау шеңберлерін
пайдаланыңыз.
 Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде
пайдаланбаңыз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады.
Аралау дискісін алу (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін 5 басып, ұстап тұрыңыз.
 Шпиндельді бұғаттау түймесін 5 ара шпинделі
орнатылған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдау мүмкін.
– Алты қырлы кілтпен 17 қысқыш винтті 18 бұрап
босатыңыз, қысқыш винтті  бағытында бұрап
шығарыңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы 12 артқа тартып, берік
ұстаңыз.
– Қысқыш фланецті 19 және аралау дискісін 20
шпиндельден 22 алыңыз.
Аралау дискісін орнату (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Аралау дискісін 20 және барлық бекіту бөлшектерін
тазалаңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы 12 артқа тартып, берік
ұстаңыз.
– Аралау дискісін 20 тірек фланеціне 21 орнатыңыз.
Тістердің кесу бағыты (аралау дискісіндегі көрсеткінің
бағыты) қорғағыш қаптамадағы бағыт көрсеткісімен 1
бірдей болуы керек.
– Қысқыш фланецті 19 орнатыңыз және қысқыш винтті
18  бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш фланецтің 21
және тірек фланецтің 19 орнату күйі дұрыс болуын
қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін 5 басып, ұстап тұрыңыз.
– Алты қырлы кілтпен 17 қысқыш винтті 18  бағытында
бұрап бекітіңіз. Бекемдеу моменті 10–12 Нм құрауы
керек, бұл қолмен бұрауғ плюс бір айналымға ¼ сәйкес
келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
1 619 P13 216 | (13.4.15)
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (В суретін қараңыз)
Сору адаптерін 24 жоңқа шығаруына 16 тірелгенше
салыңыз. Сору адаптерін 24 қосымша бұрандамен 23
бекітіңіз.
Сору адаптеріне 24 диаметрі 35 мм сору шлангысын
жалғауға болады.
 Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы мүмкін.
 Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін 24
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Сыртқы сорғыш
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау тереңдігін орнату (C суретін қараңыз)
 Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Цангалық қысқышты 25 тартыңыз. Аз аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан 14 ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға 14 басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді орнатыңыз.
Цангалық қысқышты 25 берік бекемдеңіз.
Bosch Power Tools

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gks 235 turboGks 9