қазақ
► Аталған әрекеттерді орындау мүмкін
болмаса: көгалшапқышты пайдаланбаңыз
және STIHL делдалына хабарласыңыз.
6
Көгалшапқышты
құрастыру
6.1
Бас тұтқаны орнату
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
► Төлкені (1) бас тұтқадағы (2) саңылауларға
сұғыңыз.
► Дискілі серіппелерді (3) дөңес бетін ішке
қаратып төлкеге (1) кигізіңіз.
► Бас тұтқаны (2) басқару консоліне (4)
сұғыңыз.
► Бұранданы (5) басқару консоліндегі (4)
саңылаулар арқылы және бас тұтқадағы (2)
төлкенің ішімен өткізіңіз.
► Сомынды (6) басқару консоліндегі (4)
қуысқа отырғызыңыз.
► Бұранданы (5) бұрап қатырыңыз.
► Жетек арқандарын (7, 8 және 9) ілмектерге
(10) кигізіңіз.
318
6 Көгалшапқышты құрастыру
► Жетек арқандарын (7, 8 және 9) жетек
арқанының бағыттауышына (11) іліңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын (12) бас тұтқаға (2) басып тұрыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (13) жетек
арқанының бағыттауышына (11) қарай баяу
тартыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (13) жетек
арқанының бағыттауышына (11) іліңіз.
► Шабу жетегінің қосқыш иінтірегін (12)
жіберіңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
орнына салыңыз.
Бас тұтқаны қайтадан шешіп қою қажет емес.
6.2
Шөп жинағышты монтаждау,
ілу және босату
6.2.1
Шөп жинағышты монтаждау
► Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (1) шөп
жинағыштың төменгі жағына (2) кигізіңіз.
Саңылаулар (3 және 4) сәйкес келуі тиіс.
► Болттарды (5) ішкі жағынан саңылаулар (3
және 4) арқылы кіргізіңіз.
0478-111-9904-A