4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Таза, этилденбеген бензин маркасын
қолданыңыз.
► Қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығындағы мәліметтерге назар
аударыңыз.
4.8
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Егер пайдаланушы қозғалтқышты дұрыс
іске қоспаса, пайдаланушы көгалшапқышты
бақылау мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Қозғалтқышты аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай
іске қосыңыз.
■ Пайдаланушы белгілі бір жағдайларда зейін
қойып жұмыс істей алмауы мүмкін.
Пайдаланушы сүрінуі, құлап қалуы және
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Сабырлы қалыппен, ойыңызды жинақтап
жұмыс істеңіз.
► Тек жақсы көрерлік жағдайында
шабыңыз. Жарық және көрерлік
жағдайлары нашар болса,
көгалшапқышпен жұмыс істемеңіз.
► Көгалшапқышты бір адам ғана басқаруы
тиіс.
► Кедергілерден абай болыңыз.
► Көгалшапқышты аудармаңыз.
► Жерде тік тұрып жұмыс істеңіз және
тепе-теңдікті сақтаңыз.
► Егер шаршау белгілері пайда болса:
Жұмысты тоқтатып, үзіліс жасаңыз.
► Беткейде шөп шабу кезінде: Беткейдің
көлденең бойымен шабыңыз.
► 25° (46,6%) шамасынан жоғары болатын
еңіс жерлерде жұмыс істеуге болмайды.
► Еңістер, алқап жиектері, арықтар, қоқыс
тастайтын жерлер мен бөгеттердің
жанында жұмыс істеген кезде
көгалшапқышты абайлап пайдаланыңыз.
► Жұмыс уақытын ұзақ мерзімді жоғары
жүктемелерге жол бермейтіндей етіп
жоспарлаңыз.
■ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда,
пайдаланылған газдар шығады. Ішке
тартылған газдар адамның улануына әкелуі
мүмкін.
► Пайдаланылған газдарды ішке
тартпаңыз.
► Көгалшапқышпен жақсы желдетілетін
жерде жұмыс істеңіз.
► Жүрегіңіз айныған, бас ауырған, көру
және есту қабілетіңіз нашарлаған немесе
0478-111-9904-A
басыңыз айналған жағдайда: жұмысты
аяқтап, дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
■ Пайдаланушы құлақ қорғанысын киген және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде,
пайдаланушы шуды шектеулі түрде естуі
және түсінуі мүмкін.
► Сабырлы қалыппен, ойыңызды жинақтап
жұмыс істеңіз.
■ Көгалшапқыш қозғалтқышты тоқтату
құрылғысымен жабдықталған.
► Қозғалтқыш пен пышақ шабу жетегінің
берілістерді ауыстыру айырын жіберу
арқылы 3 секунд ішінде тоқтап қалады.
■ Айналмалы пышақ пайдаланушының
денесін кесіп кетуі мүмкін. Пайдаланушы
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
► Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
► Егер пышақ бөтен затпен
бұғатталып қалса: Қозғалтқышты
өшіріңіз. Содан кейін ғана бөтен
затты алып тастаңыз.
■ Егер жұмыс кезінде қозғалғыш механизм
жетегінсіз жұмыс істелсе, қозғалғыш
механизм жетегі байқаусызда қосылып
кетіп, көгалшапқыш қозғала бастауы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және мүлікке
зиян келтірілуі мүмкін.
► Қозғалғыш механизм жетегін қосу керек
болса ғана, қозғалғыш механизм
жетегінің ауыстыру тұтқасын
қолданыңыз.
■ Егер жұмыс кезінде көгалшапқыштың
сипаты өзгерсе немесе жұмысы әдеттегіден
өзгеше болса, көгалшапқыш қауіп төндіруі
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Жұмысты аяқтаңыз және STIHL
делдалына жолығыңыз.
■ Жұмыс барысында көгалшапқыштан діріл
туындауы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Жұмыс арасында үзіліс жасап отырыңыз.
► Егер қансырау белгілері пайда болса:
Дәрігерге жүгініңіз.
■ Шабыс ауданын қадағалаңыз және
бөгеттерге назар аударыңыз. Егер жұмыс
барысында пышақ бөгде затқа тисе, пышақ
немесе оның бөліктері жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
қазақ
315