Télécharger Imprimer la page

Hilti TE 1000-AVR Manuel D'utilisation page 131

Masquer les pouces Voir aussi pour TE 1000-AVR:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 14
5.3 Қашау бойынша кеңестер
Нұсқау
Кескішті 6 түрлі позицияға (60° қадамға) орнатуға болады. Осының есебінен жалпақ және қалыпқа
түсірілген кескіштерді қажетті жұмыс күйіне орнатуға болады.
▶ Кескішті жиектен шамамен 80-100 мм-ге (3¹⁄₈" - 4") орналастырыңыз.
▶ Арматуралық болатпен жұмыс істегенде, әрқашан кескішті арматуралық болат үстімен емес,
материал жиегінің үстімен жүргізіңіз.
▶ Қашау әрекетін бетон бетіне 70° - 80° бұрышпен бастап, ұшты жиекке бағыттаңыз. Содан кейін
бұрышты 90° бағытпен жылжытыңыз және материалды сындырып алыңыз.
▶ Кескішті жүйелі түрде айналдырыңыз, себебі біркелкі тозу өздігінен өткірлеу процесіне қолдау
көрсетеді.
▶ Тым әлсіз басу кескіштің негізден ыршып кетуіне әкеледі.
төмендеуін тудырады.
5.4 Қашау қуатын орнату
Нұсқау
Қуат ауыстырып-қосқышын басу арқылы қашау қуатын шам. 70%-ға төмендетуге болады.
Қашау қуатын реттеу тек аспап қосулы кезде мүмкін болады. Ауыстырып-қосқышты қайтадан басу
арқылы толық қашау қуатына ауыстыру орындалады. Аспапты өшіріп, қайта қосқан жағдайда,
ол, сонымен бірге, толық қашау қуатына ауысады.
▶ Қуат ауыстырып-қосқышын басыңыз.
6 Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым тартып шығарыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтары бітелген кезде аспапты қолданбаңыз. Желдету ойықтарын құрғақ шүберекпен
жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Тазалау үшін су бүріккішін, бу генераторын немесе су ағынын қолдануға тыйым салынады.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке
апарып соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын тексеріңіз.
Зақымдалған және/немесе ақаулы электрлік аспапты қолданбаңыз. Бірден Hilti қызмет көрсету
орталығына жөндетіңіз.
Желілік кабелін алмастыруға болатын үлгілерде, желілік кабельді алмастыруға тек электрші маманға
рұқсат етіледі.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
All manuals and user guides at all-guides.com
4
Тым қатты басу кескіш қуатының
127

Publicité

loading