Télécharger Imprimer la page

Electrolux EIV854 Notice D'utilisation page 180

Masquer les pouces Voir aussi pour EIV854:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 116
Индукциялық пісіру алаңдарын тиісті
ыдыстармен қолданыңыз.
• Ыдыстың түбі мүмкіндігінше қалың және
тегіс болуы керек.
• Плитаның үстіне қоюдан бұрын
табақтың таза және құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз.
• Сызылуды болдырмас үшін кастрюльді
керамикалық әйнекке сырғытпаңыз
немесе ысқыламаңыз.
Ыдыс-аяқ материалы
• дұрыс: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан дұрыс таңба
салынған).
• дұрыс емес: алюминий, мыс, жез,
шыны, керамика, фарфор.
Мына жағдайларда ыдыс индукциялық
плита үшін жарамды:
• су ең жоғары қызу параметріне
орнатылған аймақта өте тез қайнайды.
• магнит ыдыстың түбіне тартылып
түседі.
Ыдыс өлшемдері
• Индукциялық пісіру алаңдары ыдыстың
түбінің өлшеміне автоматты түрде
бейімделеді.
• Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі
көрсетілген ең кіші диаметрден кіші
болған ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін
қуаттың бір бөлігін ғана алады.
• Қауіпсіздік мақсатында және пісірудің
оңтайлы нәтижелері үшін «Пісіру
алаңдарының сипаттамасында»
көрсетілген өлшемдерден үлкен болған
ыдысты пайдаланбаңыз. Пісіру
барысында ыдысты басқару панеліне
жақын қоймаңыз. Бұл басқару панелінің
жұмысына әсер етуі немесе плитаның
функцияларын кездейсоқ іске қосуы
мүмкін.
«Техникалық сипаттама» бөлімін
қараңыз.
180
ҚАЗАҚ
7.2 Жұмыс барысындағы шуыл
Егер мынаны естісеңіз:
• сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс әр
түрлі материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
• ысқырған дыбыс: пісіру алаңының қуаты
өте жоғары және ыдыс әр түрлі
материалдан жасалған (сэндвич
тәсілімен).
• гуілдеу: жоғары қуат деңгейін
пайдаланғансыз.
• шыртылдау: электр желісінің қосылуы.
• ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс
істейді.
Шуылдың болуы қалыпты жағдай және
бұлар ешбір ақауды білдірмейді.
7.3 Öko Timer (Эко таймер)
Қуатты үнемдеу үшін пісіру алаңының
қыздырғышы кері санақ таймерінің
сигналы естілмей тұрып сөнеді. Жұмыс
істеу уақытының әр түрлі болуы қызу
параметріне және пісіру уақытына
байланысты.
7.4 Әзірлеу кезінде қолдану
жағдайларының мысалдары
Пісіру алаңының қызу параметрі мен
қуатты тұтыну мәні өзара тура байланысты
емес. Қызу параметрін көбейткен кезде,
пісіру алаңы пайдаланатын қуат мәні
пропорциональды түрде көбеймейді.
Сондықтан орташа қызу параметрін
қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының
жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер тек нұсқау ретінде
берілген.

Publicité

loading