Télécharger Imprimer la page

Makita PDC01 Manuel D'instructions page 263

Support d'alimentation portabl
Masquer les pouces Voir aussi pour PDC01:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
Аккумулятордың қалған қуатын
көрсету
Тек индикаторы бар аккумулятор картриджіне
арналған.
► Сурет4: 1. Индикатор шамдары 2. Тексеру
түймесі
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін
аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін
басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд
жанып тұрады.
Индикатор шамдары
Жанып
Өшірулі
тұру
ЕСКЕРТПЕ: Қолдану жағдайларына және
қоршаған ортаның температурасына қарай
көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятордың қорғаныс жүйесі
жұмыс істегенде, бірінші (шеткі сол жақ) индикатор
шамы жыпылықтайды.
Құралдың/аккумулятордың
қорғаныс жүйесі
Құрал құралды/аккумуляторды қорғаныс жүйесімен
жабдықталған. Бұл жүйе құрал мен аккумулятордың
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін қозғалтқыштың қуат
көзін автоматты түрде өшіреді. Егер құрал немесе
аккумулятор төмендегі жағдайлардың біреуіне тап
болса, құрал жұмыс барысында автоматты түрде
тоқтайды.
Шамадан тыс жүктемеден
қорғаныс
Құрал немесе аккумулятор тым жоғары ток
шығаратын күйде жұмыс істегенде, құрал автоматты
түрде ешбір сигналсыз тоқтайды. Бұл жағдайда
құралды өшіріңіз және құралдың шамадан тыс
жүктелуіне себеп болған жұмысты тоқтатыңыз.
Содан кейін қайта іске қосу үшін құралды қосыңыз.
Қалған қуат
Жыпылықтау
75% - 100%
50% - 75%
25% - 50%
0% - 25%
Аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аккумулятор
ақаулы болуы
мүмкін.
Қызып кетуден қорғаныс
Құрал немесе аккумулятор қызып кетсе, құрал
автоматты түрде тоқтайды. Бұл жағдайда құралды
және аккумуляторды іске қайта қосудан бұрын, оның
сууына мүмкіндік беріңіз.
Зарядтың шамадан тыс
таусылуынан қорғаныс
Аккумулятордың қалған қуаты жеткіліксіз болған
кезде, құрал автоматты түрде тоқтайды. Осы кезде
аккумуляторды құралдан алып тастап зарядтаңыз.
Қуат түймесі және аккумулятор
индикаторы
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
құралды немесе машинаны өшіргеніңізге
көз жеткізіңіз. Әйтпесе құрал немесе машина
кездейсоқ іске қосылып, жарақат тудыруы мүмкін.
► Сурет5: 1. Қуат шамы 2. Қуат түймесі
Блокты қосу үшін, қуат түймесін басыңыз. Қуат шамы
жасыл түсті болып жанады. Блокты өшіру үшін, қуат
түймесін бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Блок пен құрал немесе машина
8 сағатқа қараусыз қалдырылса, блок автоматты
түрде өшеді.
Қосу шамы жасыл түсті болып жыпылықтаса,
блокқа адаптердің қосылмағанын немесе
аккумуляторлардың бос екенін білдіреді.
Осы кезде блокқа адаптерді қосыңыз немесе
аккумуляторларды зарядтаңыз. Қуат шамы
жасыл түсті болып жыпылықтауын тоқтатпаса,
ақаулықтарды жою тақырыбын қараңыз.
Қуат шамы жасыл және қызыл түспен кезектесіп
жыпылықтаса, блокты өшіріп, содан кейін қайта
қосыңыз. Блокты қосқаннан кейін қуат шамы жасыл
және қызыл түспен кезектесіп жыпылықтауын
тоқтатпаса, жөндеу жұмысына байланысты Makita
компаниясының өкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сіз құралдың немесе машинаның
басты қуат ауыстырып-қосқышын портативті
қуат беру блогын қосқаннан кейін ғана қоссаңыз,
құралдағы немесе машинадағы индикатор(лар)
қорғаныс жүйесінің жұмыс істеп тұрғанын көрсетуі
мүмкін. Бұл жағдайда, құралды немесе машинаны
бір рет іске қосыңыз. Егер индикатор(лар) сөнсе,
сіз құралмен немесе машинамен жұмыс істей
аласыз. Егер индикатор(лар) қосулы болса,
портативті қуат беру блогының қуат шамын
тексеріп, мәселені шешу үшін "АҚАУЛЫҚТАРДЫ
ЖОЮ" бөлімін қараңыз.
263 ҚАЗАҚША
Блокты қосудан бұрын,

Publicité

loading