Аккумулятор Заряды Деңгейінің Индикаторы; Аккумуляторды Оңтайлы Пайдалану Туралы Нұсқаулар - Bosch Uneo Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour Uneo:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы ажыратқыш
жартылай немесе толық басылғанда бірнеше секунд
ішінде аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді.
Жарық диоды
Қуаты
Жасыл түсті үздіксіз жарық 60–100%
Сарғылт түсті үздіксіз
30–60%
жарық
Қызыл түсті үздіксіз жарық 10–30%
Қызыл түсті
0–10%
жыпылықтайтын жарық
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Бұрғылау патроны мен құралдарды таңдау
Соққымен бұрғылау үшін SDS-Quick алмалы-салмалы
аспабы қажет болады.
Ағаш, металл, керамика және пластмасса бойынша
соққысыз бұрғылау үшін жарамды SDS-Quick алмалы-
салмалы аспабын немесе алты қырлы білігі бар алмалы-
салмалы аспапты немесе SDS-Quick жоқ алмалы-салмалы
аспаптары бар жылдам қысқыш бұрғылау патронын
пайдалануға болады.
Бұрау үшін тек шар тәрізді ысырмасы бар бұрауыш
биттерді (14) (DIN 3126-E6.3) пайдаланыңыз. Басқа
бұрауыш биттерді (13) шар тәрізді ысырмасы бар
әмбебап бит ұстағышы (12) арқылы пайдалануға болады.
Жарамды алмалы-салмалы аспаптардың жинағын осы
нұсқаулықтың соңындағы керек-жарақтар шолуынан
табасыз.
Bosch Power Tools
Бұрғылау патронын алмастыру
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын алмастыру
SDS-Quick жоқ құралдармен (мысалы, цилиндрлік білігі
бар бұрғы) жұмыс істеу үшін жылдам қысқыш бұрғылау
патронын (20) орнату керек.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын орнату (B
суретін қараңыз)
– Бекіткіш біліктің жалғанбалы ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (20) бекіткіш
білігімен құрал бекіткішіне өздігінен бекітілгенше
бұрап енгізіңіз.
– Жылдам қысқыш бұрғылау патронын тартып, бекітілуін
тексеріңіз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын алып тастау
– Бекіту төлкесін (3) артқа жылжытып, жылдам қысқыш
бұрғылау патронын (20) алып тастаңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (2) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(2) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру
Құрал бекіткішіне ойықты алты қырлы
білігі және SDS-Quick білігі бар әртүрлі
алмалы-салмалы аспаптарды салуға
болады.
Құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-
салмалы аспапты қосымша құралдарды
пайдаланбай қарапайым түрде және оңай
алмастыруға болады.
Алмалы-салмалы аспап жүйе тұрғысынан еркін
қозғалады. Сол себептен еркін айналу кезінде радиалды
соққы пайда болады. Бұл саңылаудың дәлдігіне әсер
етпейді, себебі бұрғылау кезінде бұрғы өз бетімен ортаға
келтіріледі.
SDS-Quick алмалы-салмалы аспабын енгізу (C суретін
қараңыз)
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанбалы ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне өздігінен
бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның құлыптанғанын
тексеріңіз.
SDS-Quick алмалы-салмалы аспабын шығару (D
суретін қараңыз)
– Бекіткіш төлкені (3) артқа қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Қазақ | 139
1 609 92A 86E | (13.07.2022)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières