Bosch Isio Notice Originale page 160

Masquer les pouces Voir aussi pour Isio:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
160 | Қазақ
Литий иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" жүйесі арқылы терең қуатсызданудан қорғалған.
Аккумулятор толығымен қуатсызданып қалған жағдайда
құрал қорғау жүйесі арқылы өшіріліп қойылады: Бақ
электрбұйымы жұмыс істемей тұр.
Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін
қосқыш/өшіргіш түймешігін қайта баспаңыз. Бұл
аккумулятордың зақымдауына апаруы мүмкін.
Қуаттандыру құралының ашасын электр розеткаға, ал
қуаттандыру айырын тұтқаның артқы жағындағы
ұяшығына енгізіңіз (тек қана бір жалғастыру
мүмкіншілігі).
Қуаттандыру құралының айыры лайықты ұяшыққа
енгізілген сәттен бастап қуаттандыру барысы басталады.
Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы зарядталу
күйін көрсетеді. Зарядтау әдісінде көрсеткіш жасыл
реңде жыпылықтайды. Аккумулятор заряды күйінің
индикаторы үздіксіз жасыл реңде жанса, аккумулятор
толық зарядталған болады.
Зарядтау процесінің барысында электр құралының
тұтқасы қызып кетеді. Бұл қалыпты жағдай болып
табылады.
Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, зарядтағыш құрылғыны ток
желісінен ажыратыңыз.
Электр құралын зарядтау кезінде пайдалануға болмайды
және ол зарядтау кезінде жұмыс істемесе бұзылған
болып табылмайды.
Зарядтағыш құрылғыны ылғалдан қорғаңыз!
u
Аккумуляторды кәдеге жарату туралы нұсқауларын
ескеріңіз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятордың қуаттандырылу күйінің көрсеткіші (1)
қуаттандыру барысының дәрежесін көрсетіп тұрады.
Қуаттандыру барысында көрсеткіш жасыл түспен
жыпықтап жанып тұрады. Аккумулятордың
қуаттандырылу күйінің көрсеткіші (1) тұрақты жасыл
түспен жанып тұрғаны аккумулятордың толығымен
тоқпен қуаттандырылып қойылғанын білдіреді.
Аккумулятордың қуаттандырылу күйінің көрсеткіші (1)
қосқыш/өшіргіш жартылай немесе толығымен
басылғанда бірнеше секунд бойы аккумулятордың
қуаттандырылу күйін көрсетіп тұрады.
Жарықдиодтық шамы
Үздіксіз жарық жасыл түсті
Жасыл түспен жыпықтап жанып тұруы 15-35 %
Қызыл түспен жыпықтап жанып тұруы 5-15 %
Қызыл түспен тұрақты жанып тұруы
Пайдалану
Құрал қолданып жатқан уақытта қуаттандырғыштың
u
жапқышы жабылып қойылған қалыпта болғанына
назар аударыңыз. Осының арқасында шаң түсуіне жол
берілмейтін болады.
F 016 L94 170 | (16.04.2021)
Зақымданып бұзылған қалыпта болған пышақтарды
u
пайдаланбаңыз (мысалы, сызаттары жоқ болған
пышақтарды ғана қолданыңыз). Зақымданып бұзылған
пышақтарды дереу алмастырыңыз.
Қосу/өшіру (D суретін қараңыз)
Қосу/өшіруді бұғаттау түймешігін (4) басып, қосу/өшіру
түймешігін (3) басылып тұрған түрде қосыңыз.
Іске қосылып қалуға қарсы бұғаттай түймешігін (4)
босатып жіберіңіз.
Қосу/өшіру түймешігін (3) басқаныңызда жарықдиодтық
шамы жасыл түспен тұрақты түрде жанып тұрады.
Бұғаттауға қарсы механизмі
Кесу пышағы кесу барысында бекем материалда
бұғатталып қалғанда қозғалтқыш жүктемесі шамадан
асып кетеді. Жүктемеінің осы шамадан асып кетуі
"ақылды" микроэлектроника жүйесі арқылы белгіленіп
отырып, қозғалтқыштың реттеліп, бірнеше рет қайта
ауыстырылып, осының арқасында кесу пышағының
бұғатталып қалуын болдырмауы мен материалдың тіліп
кесілуі қамтамасыз етіліп отырады.
Осы ауыстырудың дыбыстары 3 секундқа дейін естіле
алынып тұрады. Өнімді кесіп не бөліп қойғаннан кейін
құрал қалыпты түрінде әріғарай жұмыс істеп тұрады,
немесе шамадан тыс жүктелінуі жойылмай тұрғанда, кесу
пышағы автоматтық түрде ашылған қалыпта тұрып
қалатын болады (мысалы, металлдан жасалған дуал не
шарбақтың бір бөлшегі құралды кездейсоқ түрде бұғаттап
қалған жағдайда).
Дөңгелектері бар телескоп өзегі
Дөңгелектері бар телескоп өзегін құрастырып
орнату/бөлшектеп шығару (құрамдас бөлшектері
немесе сатылу көлемі бойынша мәліметтерді "Шөп
кесу қайшысы, дөңгелектері бар телескоп өзегімен
бірге" тарауында қараңыз) (E суретін қараңыз)
Шөп кесу қайшысы, дөңгелектері бар телескоп
u
өзегімен бірге, тек қана жер үстінен қолданылуы
тиіс.
Телескоп өзегін (9) шөп кесу қайшысы үшін арналған
құрамдас бөлшектерімен бірге қолданыңыз.
Шөп кесу қайшысын қозғаушы механизміндегі (19)
ұстағыш өзегіне енгізіп, бұғаттан босатуышын (18) артқа
Қуаты
қарай итеріңіз. Шөп кесу қайшысын төменге қарай
35−100 %
басып, бұғатан босатуышын (18) итере отырып қайта
орнына орнатыңыз
Шөп кесу қайшысын бөлшектеу үшін алдымен бұғаттан
босатуышын (18) артқа қарай итеріп, шөп кесу
0-5 %
қайшысын алға қарай тартып шығарып алыңыз.
Тұтқа ұзындығын реттеу (F суретін қараңыз)
Биіктік реттеуішін (8)босатып алыңыз.
Ұзындықты реттеу үшін телескоп өзегін (9) шығарып
алыңыз, немесе ұзындықты қысқарту үшін телескоп
өзегін ішіне қарай басыңыз.
Биіктік реттеуішін (8) қайта берік түрде тартып бекітіңіз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Isio serieIsio3

Table des Matières