Bosch GCM 18V-216 DC Professional Notice Originale page 354

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 46
354 | Қазақ
– Қысқыш тұтқаны (34) босатыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (9) ұстай отырып, тіреуіш
бұранда (71) тіреуіште (31) жатқанша, солға
қайырыңыз.
Тексеріңіз (W1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне
(17) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (13) жатуы керек.
Реттеу (W2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (71) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (71) бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қысқыш тұтқаны (34) қайтадан тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (71) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер (41) және (33) бұрыш индикаторлары реттегеннен
кейін шкаланың (32) 45° белгілерімен бір сызықта
тұрмаса, алдымен тік еңіс бұрышының 0° реттеуін және
бұрыш индикаторын тағы бір рет тексеріп шығыңыз.
Содан кейін тік 45° еңіс бұрышын қайтадан реттеп
шығыңыз.
Стандартты 45° тік еңіс бұрышын (оң жақ) реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (17) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Иінтірек (23) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (16) алып
тастаңыз.
– (43) тірегін толығымен алға тартыңыз.
– Оң жақ тіреуішті (31) 45° стандартты еңіс бұрышы
көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
– Қысқыш тұтқаны (34) босатыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (9) ұстай отырып, тіреуіш
бұранда (72) тіреуіште (31) жатқанша, солға
қайырыңыз.
Тексеріңіз (X1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 135° реттеп, оны аралау
үстеліне (17) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (13) жатуы керек.
Реттеу (X2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (72) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (72) бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қысқыш тұтқаны (34) қайтадан тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (72) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер (41) және (33) бұрыш индикаторлары реттегеннен
кейін шкаланың (32) 45° белгілерімен бір сызықта
1 609 92A 7ED | (21.12.2021)
тұрмаса, алдымен тік еңіс бұрышының 0° реттеуін және
бұрыш индикаторын тағы бір рет тексеріп шығыңыз.
Содан кейін тік 45° еңіс бұрышын қайтадан реттеп
шығыңыз.
Горизонталды еңіс бұрышының шкаласын бағыттау
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (17) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (23) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (Y1 суретін қараңыз)
– Бұрышты калибрді 90° реттеп тіреуіш планка (15) мен
аралау дискісі (13) арасында аралау үстеліне (17)
орнатыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (13) жатуы керек.
Реттеу: (Y2 суретін қараңыз)
– Барлық төрт реттегіш бұранданы (73) крест тәрізді
бұрауышпен босатып, аралау үстелін (17) шкаламен
(19) бірге бұрыштық калибрдің бір жағы ара
дискісімен бүтін ұзындығында бірдей болғанша
бұраңыз.
– Бұрандаларды қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер бұрыш индикаторы (26) реттегеннен кейін
шкаланың (19) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (74) стандартты крест тәрізді бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен
туралаңыз.
Тасымалдау (Z суретін қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Бекіткіш бұранда (36) тартылған болса, оны
босатыңыз. Манипуляторды толық алға тарта отырып,
бекіткіш бұранданы қайтадан бұрап бекітіңіз.
– Тереңдік тіреуішінің (35) толығымен ішке басылуын
және дәлдеу бұрандасы (4) манипуляторды
жылжытуда тереңдік тіреуішіне тимей тесікке кіруін
қамтамасыз етіңіз.
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық
керек-жарақтарды алып тастаңыз. Пайдаланылмаған
ара дискілерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық
контейнерге салыңыз.
– Электр құралын тасымалдау тұтқасынан (3) ұстап
тасыңыз немесе аралау үстелінің бүйіріндегі ұстау
ойықтарынан (29) ұстаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
u
аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш
аспаптарды пайдаланбаңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières