Bosch GAS 20 L SFC Professional Notice Originale page 129

Masquer les pouces Voir aussi pour GAS 20 L SFC Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
– Содан кейін қажетті сору керек-жарақтарын (ірі қоқыс
қондырмасы, тесік қондырма, сору құбыры және т.б.)
қисайған қондырмаға (19) енгізіңіз.
– Бөлшектеу үшін батырмаларды (24) ішке басып,
құрамдас бөліктерін ажыратыңыз.
Сору адаптерін орнату
– Сору адаптерін (18) сору шлангына (17) сору
шлангының екі басу түймешесі (24) дыбыспен
тірелгенше салыңыз.
– Шешу үшін басу түймешелерін (24) ішіне басып
бөліктерін ажыратыңыз.
Сорғыш шлангінің ұстағышын орнату (B
суретін қараңыз)
– Сорғыш шлангінің (17) ұстағышын (14) жоғарыдан
арнайы патрондарға (25) тірелгенше берік кіргізіңіз.
Сорғыш шлангіні орнату (C суретін қараңыз)
– Сорғыш шлангіні (17) шланг бекіткішіне (2) берік
жалғаңыз.
Нұсқау: Соруда сору шлангында және жабдықтарында
шаң үйкелісі арқылы электр заряд пайда болады, оны
пайдаланушы статикалық тоқ ажыралуы арқылы сезуі
мүмкін (қоршаған орта әсерлеріне және дене сезімдігіне
байланысты).
Жалпы ретте Bosch антистатикалық сору шлангін
(жабдық) майда шаң немесе құрғақ материалдарды
соруда пайдалануды ұсынады.
Қоқыс қабын немесе шаң жинағыш қапты
орнату/шығару (құрғақ шаң сору) (D1–D2
суреттерін қараңыз)
Құрғақ шаң сору үшін қоқыс қабын (20) немесе шаң
жинағыш қапты (керек-жарақ) контейнерге (1) салуға
болады. Осылайша шаңды қоқысқа тастау жеңілдейді.
Тасталатын қапты орнату
– Құлыптарды (7) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(6) ашыңыз.
– Қоқыс қабын (20) толтыру саңылауымен бірге алға
қарай контейнер (1) ішіне енгізіңіз.
– Толтыру саңылауын жалғағыш фланец арқылы оның
қуысына дейін тартыңыз.
– Қоқыс қабының (20) контейнердің (1) ішкі
қабырғаларымен толығымен жанасқанына көз
жеткізіңіз.
– Қоқыс қабының (20) қалдығын контейнер (1) шетінен
қағыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (6) орнатып
құлыптарды (7) жабыңыз.
Қоқыс қабын шығару және құлыптау
– Құлыптарды (7) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(6) ашыңыз.
– Толы қоқыс қабын (20) жалғағыш фланецтен артқа
қарай тартып шығарыңыз.
Bosch Power Tools
– Қоқыс қабын (20) зақымдамай контейнерден (1)
ақырындап шығарыңыз.
Қоқыс қабының жалғағыш фланецке немесе басқа
өткір заттарға тимегеніне көз жеткізіңіз.
– Қоқыс қабын (20) толтыру саңылауының астынан
байлаңыз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (керек-жарақ)
– Құлыптарды (7) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(6) ашыңыз.
– Толық шаң қабын қосу фланецінен шығарыңыз. Шаң
қабының тесігін қақпағымен жабыңыз. Жабық шаң
қабын шаңсорғыштан контейнерден (1) алып
қойыңыз.
– Жаңа шаң қабын шаңсорғыш ернемектік біріктіргішіне
кигізіңіз. Шаң қабының контейнер (1) ішінде толықтай
жатуына көз жеткізіңіз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (6) орнатып
құлыптарды (7) жабыңыз.
Пайдалану
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Шаңсорғышты пайдаланған кезде оны кенет домалап
кетуден қорғау үшін басқару дөңгелектерінің (9) арнайы
тежегіштермен (10) бұғатталғанына көз жеткізіңіз.
Жүгіргі дөңгелектердің (8) және басқару дөңгелектерінің
(9) жұмысын пайдалану алдында тиісті астыңғы бетте
тексеріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің
u
қуаты шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В деп белгіленген
шаңсорғыштарды 220 В шамасында да пайдалануға
болады.
Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
u
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды шаңсору үшін
пайдалануға болады:
3
– Экспозиция шегі > 1 мг/м
болатын шаңды сору
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш
шлангіні (17) шаңсорғыш жоғарғы бөлігінен (6) толық
алыңыз.
Құрғақ сору
Жиылған шаңдарды сорыңыз
– Сорғышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін (4)
басыңыз.
Қазақ | 129
1 609 92A 6U1 | (07.10.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières