Bosch GTS 18V-216 Professional Notice Originale page 322

Masquer les pouces Voir aussi pour GTS 18V-216 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 45
322 | Қазақ
Параллель тіректі шкала индикаторындағы (56)
таңбалама астыңғы шкалада 29 см көрсеткенше
жылжытыңыз.
Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (41) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
– Қысқыш тұтқаны (13) толығымен жоғары қарай
тартып, аралау үстелінің кеңейтімін (6) тірелгенше
сыртқа қарай тартыңыз.
Тексеру
Арақашықтық индикаторы (57) жоғарғы шкалада (1)
төменгі шкаладағы (1) шкала индикаторындағы (56)
таңбаламамен бірдей мәнді көрсетуі тиіс.
Реттеу
– Аралау үстелінің кеңейтімін (6) тірелгенше сыртқа
тартыңыз.
– Бұранданы (63) крест ойықты бұрауышпен босатып,
арақашықтық индикаторын (57) жоғарғы шкаланың
(1) 29 cм белгісінің бойымен туралаңыз.
Параллель тіректің параллельдігін реттеу (M суретін
қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастаңыз.
– Параллель тіректің қысқыш тұтқасын (41) босатып,
ара дискісіне тигенше жылжытыңыз.
Тексеру
Параллель тірек (5) ара дискісіне бүкіл ұзындығы
бойынша тиіп тұруы керек.
Реттеу
– Ішкі алты қырлы бұрандаларды (64) жеткізілім
жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (10)
босатыңыз.
– Параллель тіректі (5) бүкіл ұзындығы бойынша ара
дискісіне тигенше мұқият жылжытыңыз.
– Параллель тіректі осы күйде ұстап тұрып, қысқыш
тұтқаны (41) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
– Ішкі алты қырлы бұрандаларды (64) қайтадан берік
бекітіңіз.
Параллель тіректің икемділігін реттеу
Параллель тіректің (5) икемділігі жиі пайдаланғаннан
нашарлауы мүмкін.
– Реттегіш бұранданы (24) параллель тіректі аралау
үстелінде қайтадан бекіту мүмкін болғанша тартыңыз.
Параллель тіректің шкала индикаторын реттеу (M
суретін қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастаңыз.
– Параллель тіректі (5) ара дискісіне тигенше оң жақтан
жылжытыңыз.
Тексеру
Шкала индикаторының (56) таңбаламасы шкаланың (1)
0 мм таңбаламасымен бір сызықта болуы керек.
1 609 92A 6SY | (01.09.2021)
Реттеу
– Бұранданы (65) жеткізілім жиынтығындағы крест
ойықты бұрауышпен босатып, белгіні 0 мм белгісімен
туралаңыз.
Үстел ендірмесінің деңгейін реттеу (N суретін
қараңыз)
Тексеру
Үстел ендірмесінің (25) алдыңғы жағы аралау үстеліне
нық немесе одан сәл төмен болуы керек, ал артқы жағы
аралау үстелінен сәл жоғары болуы керек.
Реттеу
– Шеңберлік кілттің (9) ұштығымен реттегіш
бұрандалардың (66) тиісті деңгейін реттеп шығыңыз.
Сақтау және тасымалдау
Құрылғы элементтерін сақтау (O1–O2 суреттерін
қараңыз)
Сақтау үшін электр құралы белгілі бір құрылғы
элементтерін нық бекітуге мүмкіндік береді.
– Қосымша параллель тіректі (43) параллель тіректен
(5) босатыңыз.
– Барлық бос құрылғы бөліктерін олардың корпустағы
сақтау ұяшықтарына салыңыз (төмендегі кестені
қараңыз).
Құрылғы элементі
Сақтау ұяшығы
Параллель тірек (5)
айналдыру, астыңғы жақтан
бағыттауыш шиналарға ілу және
қысқыш тұтқаны (41) бекіту
Жылжыту таяғы (12) ұяшыққа (67) салу
Қорғаныш қаптама
ұстағыштың (11) тесігіне ілу және
(3)
қыспа иінтірекпен (39) бұрап
бекіту
Алты қырлы дөңбек
ұяшыққа (68) салу
кілт (10)
Шеңберлік кілт (9)
ұяшыққа (69) салу
Бұрыштық тірек (2)
ұяшыққа (7) салу
Қосымша параллель
параллель тіректегі (5) артқы
тірек (43)
ойыққа кіргізу және қатпарлы
бұрандалардың көмегімен тарту
Электр құралын тасымалдау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз (қараңыз
„Тасымалдау күйі", Бет 319).
– Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық
керек-жарақтарды алып тастаңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 601 m44 0003 601 m44 0403 601 m44 0k03 601 m44 0b0

Table des Matières