Bosch GTS 18V-216 Professional Notice Originale page 318

Masquer les pouces Voir aussi pour GTS 18V-216 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 45
318 | Қазақ
– Бітелу себебін анықтап жойыңыз.
Алюминийді аралау кезінде өрт қаупіне жол
u
бермеу үшін астыңғы ара дискісінің қақпағын
босатыңыз және жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз.
Астыңғы ара дискісінің қаптамасын тазалау (j суретін
қараңыз)
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны
шығарып алу үшін астыңғы ара дискісінің
қаптамасын (46) ашуға болады.
– Электр құралын өшіріп, аккумуляторды электр
құралынан шығарыңыз.
– Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
– Электр құралын бүйіріне аударыңыз.
– Едендік торды (33) ашыңыз (a суретін қараңыз).
– Астыңғы ара дискісі қаптамасының ысырмаларын (47)
бір-бірінен сәл ары тартып, астыңғы ара дискісінің
қаптамасын (46) қайырыңыз.
– Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны шығарып
алыңыз.
– Астыңғы ара дискісінің қаптамасын (46)
ысырмалар (47) тірелгенше қайтадан жауып қойыңыз.
– Едендік торды (33) жауып қойыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Сыртқы сорғыш (k суретін қараңыз)
– Жарамды шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (31)
салыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ара дискісін алмастыру (l1−l4 суреттерін
қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
u
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары
болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр
u
құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1
бойынша тексерілген болып тиісті ретте
белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Осы электр құралының өндірушісі ұсынған және
u
өңдегіңіз келетін материал үшін жарамды ара
дискілерін ғана пайдаланыңыз. Осылайша ара
тістері ұштарының қатты қызуына және өңделетін
пластмассаның балқуына жол бермейсіз.
1 609 92A 6SY | (01.09.2021)
Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
u
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
Ара дискісін алып тастау
– Қыспа иінтіректі (39) ашып, қорғаныш қаптаманы (3)
сынадағы (4) ойықтан шығарыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (38) шеңберлік кілттің (9)
ұштығымен "Құлыпты жабу" айналу бағытымен
тірелгенше бұрап, үстел ендірмесін (25) аспап
саңылауынан көтеріп шығарыңыз. Жеңіл көтеру үшін
ұстағыш саңылау (48) пайдаланылады.
– Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі
(26) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
– Қысқыш гайканы (49) шеңберлік кілтпен (9) бұрап,
бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (50)
тірелгенше тартыңыз.
– Шпиндельді бекіту иінтірегін тартып тұрып, қысқыш
гайканы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
шығарыңыз.
– Қысқыш фланецті (51) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (26) алып тастаңыз.
Ара дискісін орнату
– Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас
бұрын тазалап шығыңыз.
– Жаңа ара дискісін құрал шпинделінің (53) қысқыш
фланеціне (52) орнатыңыз.
Нұсқау: тым кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара
дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі
3 − 8 мм құрауы қажет.
Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара
u
дискісіндегі көрсеткі бағыты) сынаның көрсеткі
бағытына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланецті (51) және қысқыш гайканы (49)
орнатыңыз.
– Қысқыш гайканы (49) шеңберлік кілтпен (9) бұрап,
бір уақытта шпиндельді бұғаттау иінтірегін (50)
тірелгенше тартыңыз.
– Қысқыш гайканы сағат тілінің бағытымен мықтап
тартыңыз.
– Үстел ендірмесін (25) құрал саңылауындағы сына (4)
үстіне қойыңыз. Бұғаттау бұрандасын (38) шеңберлік
кілттің (9) ұштығымен "Құлыпты ашу" айналу
бағытымен тірелгенше бұраңыз.
– Қорғаныш қаптаманы (3) қайтадан монтаждаңыз.
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 601 m44 0003 601 m44 0403 601 m44 0k03 601 m44 0b0

Table des Matières