Қолданысқа Енгізу; Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GTS 18V-216 Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GTS 18V-216 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 45
320 | Қазақ
Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда
параллель тіректің (5) сол немес оң жағына орнатуға
болады.
Дайындамалар аралау кезінде параллель тірек пен ара
дискісінің арасында қысылып, көтерілетін ара дискісімен
ұсталуы және лақтырылуы мүмкін.
Сондықтан қосымша параллель тіректі бағыттауыш ұшы
ара дискісінің ең алдынғы тісі мен сынаның алдыңғы
жиегі аралығында аяқталатындай етіп реттеңіз.
– Ол үшін (44) бекіткіш жинағышының барлық қатпарлы
гайкаларын босатып, қосымша параллель тіректі екі
ғана алдыңғы бұранда бекітуге қызмет еткенше
жылжытыңыз.
– Қатпарлы гайкаларды қайтадан бекітіңіз.
Сынаны реттеу
Сына (4) ара дискісінің (26) кесікте қысылуына жол
бермейді. Кері жағдайда ара дискісінің дайындамаға
ілініп, кері соққы қаупі пайда болады.
Сондықтан сынаның дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз:
– Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс
ең көбі 3 − 8 мм құрауы қажет.
– Сына қалындығы кесік енінен кіші және орта диск
қалындығынан үлкен болуы керек.
– Сына әрдайым ара дискісімен бір сызықта болуы
керек.
– Қалыпты кесіктер үшін сынаны әрдайым ең жоғары
күйде ұстау керек.
Сынаның биіктігін реттеу (F суретін қараңыз)
Ойықтарды аралау үшін сынаның биіктігін реттеу керек.
Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті
u
қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама,
тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз.
– Қыспа иінтіректі (39) ашып, қорғаныш қаптаманы (3)
сынадағы (4) ойықтан шығарыңыз.
Қорғаныш қаптаманы зақымдалудан қорғау үшін оны
корпустағы арнайы ұстағышта (11)
сақтаңыз (O2 суретін де қараңыз).
– Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара
дискісі (26) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (36) жоғары қарап тұрғанша сағат
тілінің бағытымен бұрап босатыңыз.
– Сынаны штифттерден (37) тартып (қыспа
иінтіректі (36) сәл сыртқа тартыңыз), сынаны (4)
төмен қарай тірелгенше жылжытыңыз.
– Екі штифтті (37) сынаның жоғарғы саңылауларына
тіркеп, қыспа иінтіректі (36) қайтадан бекітіңіз.
Қысқыштағы және қыспа иінтіректегі (36)
таңбаламалар (35) көрсетілгендей туралануы тиіс.
Қолданысқа енгізу
Қосу (G1 суретін қараңыз)
– Қолданысқа енгізу үшін ажыратқышты (16) екі
жағынан басып, жоғары қарай тартыңыз.
1 609 92A 6SY | (01.09.2021)
Өшіру (G2 суретін қараңыз)
– Ажыратқышты (16) толықтай төмен басыңыз.
Рұқсатсыз пайдаланудан қорғаныс (G3 суретін
қараңыз)
Рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін ажыратқышты (16)
аспалы құлыптың көмегімен құлыптауға болады.
– Аспалы құлыпты ұзын ысырмасымен
ажыратқыштағы (16) саңылау арқылы өткізіп, жауып
қойыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіректерге
u
немесе басқа аспап бөліктеріне тимегеніне көз
жеткізуіңіз керек.
Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті
u
қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама,
тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз.
Электр құралын кесу үшін пайдаланбаңыз
u
(дайындамада аяқталатын ойық).
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Дайындаманың қысылып қалуына жол бермеу үшін
сынаны ара дискісімен бір сызықта орналастырыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындаманың жиегі
әрдайым параллель тірекке қою үшін тік болуы керек.
Жылжыту таяғын әрдайым электр құралында сақтаңыз.
Оператордың күйі (H суретін қараңыз)
Ара дискісімен бір сызықта ешқашан тұрмаңыз.
u
Денеңізді бағыттауыш тұрған ара дискісінің
жағында орналастырыңыз. Қайтарым дайындаманы
ара дискісінің алдында немесе ол мен бір сызықта
тұрған адамға жоғары жылдамдықта лақтыруы мүмкін.
– Алақан, саусақ пен қолыңызды айналатын ара
дискісінен алшақ ұстаңыз.
Бұл ретте төмендегі нұсқауларға назар аударыңыз:
– Дайындаманы екі қолмен қатты ұстап аралау үстеліне
басыңыз.
– Жіңішке дайындамалар үшін және тік еңіс бұрышында
аралау кезінде әрдайым жеткізілім жиынтығындағы
жылжыту таяғын (12) және қосымша параллель
тіректі (43) пайдаланыңыз.
Макс. дайындама өлшемдері
тік еңіс бұрышы
45°
Аралау
Түзу кесіктерді аралау
– Параллель тіректі (5) қажетті кесік еніне реттеп
шығыңыз.
дайындаманың макс.
биіктігі [мм]
70
50
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 601 m44 0003 601 m44 0403 601 m44 0k03 601 m44 0b0

Table des Matières