Kk Пайдалану Нұсқаулығының Түпнұсқасы - Metabo KHE 2245 Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 12
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
1. Сәйкестік бойынша
мәлімдеме
Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі
мен сериялық нөмірі бойынша
сәйкестендірілетін осы бұрғылайтын және
қашайтын балғалар *1) директивалардың *2)
және стандарттардың барлық тиісті
қаулыларына *3). техникалық құжаттамаларға
сәйкес келеді *4) - 3-бетті қараңыз.
2. Мақсатына сай пайдалану
Бұрғылайтын және қашайтын балғалар тиісті
керек-жарақтың көмегімен перфораторлық
бұрғылармен және қашаулармен бетон, тас
және басқа да материалдар бойынша және
бұрғылау коронкаларымен кірпіш пен ұқсас
материалдарда жұмыс істеуге, сондай-ақ
металл, ағаш және т.с.с. бойынша соққысыз
бұрғылауға және бұрауға арналған.
Мақсатынан тыс пайдаланудан болған
зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты
болады.
Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының
ережелерін және белгіленген қауіпсіздік
нұсқауларын орындау керек.
3. Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы нұсқаулар
Жеке басыңызды және электрлік
құралыңызды қорғау үшін осы белгі
қойылған мәтіндік үзінділерді
ұстаныңыз!
ЕСКЕРТУ – Жарақат алу қаупін азайту
үшін пайдалану бойынша нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
ЕСКЕРТУ: қауіпсіздік техникасы
бойынша барлық нұсқауларды және
жалпы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды
және жалпы нұсқауларды орындамау ток соғу,
өрт және/немесе ауыр жарақат алу қаупін
тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық
нұсқауларды және жалпы нұсқауларды
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Электрлік құралыңызды тек қана осы
құжаттармен бірге табыстаңыз.
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқаулар
Құлақ қорғанысын киіп жүріңіз. Шуыл әсері
есту қабілетінен айырылуға апарып соғуы
мүмкін.
Құрылғымен бірге жеткізілген қосымша
тұтқышты пайдаланыңыз. Бақылау
мүмкіндігінен айырылсаңыз, жарақат алуыңыз
мүмкін.
Жұмыс құралы жасырын қуат сымдарына
немесе өзінің желілік кабеліне тиюі мүмкін
жұмыстар өткізіп тұрған кезде құрылғыны
тұтқыштың оқшауланған беттерінен ұстап
тұрыңыз. Кернеу астындағы сыммен жанасу
құрылғының металл бөліктерінде кернеудің
түзілуіне және электр тогының соғуына әкелуі
мүмкін.
Тиісінше орнатылған қосымша тұтқышпен ғана
жұмыс істеңіз.
Әрдайым аспапты екі қолмен арнайы
тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты қалыпта
тұрыңыз және бар назарыңызды орындалатын
жұмысқа аударыңыз.
Электр құралыңызбен жұмыс істеген кезде
әрдайым қорғаныш көзілдірік, жұмыс қолғабын
және берік аяқ киім киіп жүріңіз!
Өңделетін жерде қуат, су немесе газ желілері
жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (мысалы, металл
іздегіштің көмегімен).
Сақтандырғыш бекіткіш муфта іске қосылған
жағдайда, аспапты дереу өшіріңіз!
Айналып тұрған жұмыс құралына тимеңіз!
Дайындаманы жылжып кетуден немесе
өздігінен айналудан бекітіңіз (мысалы,
бұрандама қысқышпен бекіту арқылы).
Жоңқа мен баламалы материалдарды
құрылғының өшірулі күйінде ғана кетіріңіз.
Қатты материалдарды бұрау (метрлік немесе
дюймдік ирек оймасы бар бұрандаларды
болатқа бұрап бекіту) жағдайында назар
аударыңыз! Бұранда бастиегі жарылуы немесе
тұтқышта жоғары кері айналу моменті пайда
болуы мүмкін.
Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау
техникалық қызмет көрсету немесе тазалау
әрекетін орындамас бұрын желілік ашаны
розеткадан шығарып алыңыз.
Кенет іске қосылуына жол бермеңіз: желілік аша
розеткадан суырылған немесе токпен
жабдықтау үзілген болса, әрдайым
ажыратқышты құлыптан босатыңыз.
Зақымдалған немесе жарықшақтары бар
қосымша тұтқышты алмастыру керек. Қосымша
тұтқышы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз.
Metabo жартылай автоматты сақтандырғыш
муфтасы.
Сақтандырғыш муфта іске қосылған жағдайда,
аспапты дереу өшіріңіз! Жұмыс құралы қысылса
немесе ілініп қалса, қозғалтқышқа берілетін қуат
ағыны шектеліп қалады. Бұл жағдайда пайда
болатын қатты күштерге байланысты әрдайым
аспапты екі қолмен арнайы тұтқыштарынан
ұстаңыз, тұрақты қалыпта тұрыңыз және бар
назарыңызды орындалатын жұмысқа
аударыңыз.
ҚАЗАҚША kk
65

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Khe 2445Khe 2645Khe 2645 qKhe 2845Khe 2845 q

Table des Matières