Күту Мен Техникалық Тексеру Жұмыстары - Kärcher SC 4 Iron Kit Instructions Abrégées

Masquer les pouces Voir aussi pour SC 4 Iron Kit:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
Еден сору шүмегін еден жууға арналған
шүберекке қойыңыз да, бүйірлік қақпақтар еден
жууға арналған шүберектің екі ендірмеге кіруі
тиіс.
Ұзартқыш түтікті қайтадан артқа еңкейтіңіз,
нəтижесінде бүйірлік қақпақтар құлыптанады
жəне шүберек еден сору шүмегіне берік
бекітіледі.
Еден жууға арналған шүмегін парк позициясына
қойыңыз.
Сурет
 Жұмысты тоқтатқан кезде, еден жууға арналған
шүмегін парк ұстауышына іліңіз.
Бу қысымы-үтік
 Үтіктегі бу штекерін бұйымның электр
розеткасына тығыздап енгізіңіз. Сонымен қатар
штекер шертпек естілетіндей болып орнатылуы
қажет.
 Бумен тазалағыштың ішінде таза, құбырлы су
бар екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
 Бу тазалағышын нұсқаулықта сипатталғандай
іске қосыңыз.
 Бу тазалағышы дайын болғанша күтіңіз.
Нұсқау
Біз буды белсенді түрде жұтатын KÄRCHER үтіктеу
үстелін қолдануды ұсынамыз. Осы үтіктеу үстелі сіз
сатып алған аспапқа оңтайлы түрде сəйкес келеді.
Ол үтіктеу əрекетін жеңілдетеді жəне
жылдамдатады. Кез келген жағдайда буды өткізетін,
торлы негізі бар үтіктеу үстелін қолдану қажет.
Бумен үтіктеу
Барлық тоқыма бұйымдар бумен үтіктеліне алады.
Оңай күйгіш маталарды немесе басылған
өрнектерді ішкі жағынан немесе жасап
шығарушының нұсқаулары бойынша үтіктеу қажет.
Нұсқау
Осы сезімтал тоқымалар үшін KÄRCHER BE 6006
қарылуға қарсы табанын пайдалану ұсынылады.
 Үтіктегі температура реттеуішін (•••/MAX)
штрихті диапазон ішінде орнатыңыз.
 Үтіктің бақылау шамы өшкен соң, үтіктеуді
бастауға болады.
Нұсқау
Бу үтік табанында конденсат ретінде шөгіп қалмауы
жəне үтіктеп тұрған матаның үстіне тамшыламауы
үшін, үтік табаны ыстық болуы тиіс.
 Бу ажыратқышын жоғары не төмен басыңыз.
Буды интервалды жіберу: Бу ажыратқышын
басыңыз. Ажыратқыш басылып тұрған уақытта
бу шығарылады.
Ұзақ уақытты бу жіберу: Бу ажыратқышының
бекіткішін бекітілмегенше артқа тартыңыз. Бу
ұзақ шығарылады. Босату үшін бекіткішті алға
қарай басыңыз.
 Бу біркелкі кетпегенше үтіктеу басында немесе
үтіктеуді тоқтатқаннан кейін алғашқы бу ағынын
матаға туралаңыз.
 Перделерді, киімді, т. б. бумен өңдеу үшін, үтікті
тік ұстауға болады.
178
Құрғақ үтіктеу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрғақ үтіктеу кезінде де қазанда су болуы керек.
 Үтіктегі температура реттеуішін өңделіп жатқан
киімнің затына байланысты орнатыңыз.
Синтетика
••
Жүн, жібек
••• Мақта, зығыр
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Киіміңізде басылған үтіктеу жəне тазалау туралы
ақпаратты қараңыз.
 Үтіктің бақылау шамы өшкен соң, үтіктеуді
бастауға болады.
Күту мен техникалық тексеру
Бу тазалағышының бу қазанын бакты əр 10 рет
толтырған сайын шайыңыз.
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
 Бу тазалағыш суығанша тосыңыз.
 Су багын босатыңыз.
 Керек-жарақтарды қалтадан алыңыз.
Сурет
 Қауіпсіздік қалпақшасын ашыңыз. Ол үшін
ұзартқыш түтіктің ашық ұшын қауіпсіздік
қалпақшасына орналастырыңыз, бағыттауышқа
енгізіңіз жəне ашыңыз.
 Бу қазанын сумен толтырып, белсенді түрде
бұрыңыз. Нəтижесінде бу қазанының түбіне
шөгіп қалған тат түседі.
Сурет
 Қазандағы судың барлығын толығымен төгіп
тастаңыз.
Бу қазанынан қақ кетіру
Қақ қазан қабырғаларында болатындықтан, біз
қақты келесі аралықта кетіріп отыруды ұсынамыз
(TF = бакты толтыру):
Су қаттылығы
I
жұмсақ
II
орта
III
кермек
IV
аса кермек
Нұсқау
Құбырлы судың қаттылығын сумен қамтамасыз ету
басқармасынан немесе коммуналды шаруашылық
ведомстволарынан білуге болады.
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
 Бу тазалағыш суығанша тосыңыз.
 Су багын босатыңыз.
 Керек-жарақтарды қалтадан алыңыз.
Сурет
 Қауіпсіздік қалпақшасын ашыңыз. Ол үшін
ұзартқыш түтіктің ашық ұшын қауіпсіздік
қалпақшасына орналастырыңыз, бағыттауышқа
енгізіңіз жəне ашыңыз.
– 9
KK
жұмыстары
Бу қазанын шаю
° dH
mmol/l
0-7
0-1,3
7-14
1,3-2,5
14-21
2,5-3,8
>21
>3,8
TF
100
90
75
50

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Sc 4 premium iron kit

Table des Matières