Bosch Professional D-tect 120 Notice Originale page 123

Masquer les pouces Voir aussi pour Professional D-tect 120:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
Дыбыстық сигнал түймесі (4) дыбыстық сигналды қосып
өшіруге мүмкіндік береді. Дыбыстық сигнал өшіп
тұрғанда, дисплейде дыбыстық сигнал индикаторы (i)
жанады.
Жұмыс режимдері
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін Әмбебап жұмыс
режимінде болады.
Жұмыс режимін ауыстыру үшін қажетті жұмыс режимінің
түймесін (Әмбебап жұмыс режимінің түймесі (9), Бетон
жұмыс режимінің түймесі (3) немесе Гипскартон жұмыс
режимінің түймесі (10)) басыңыз. Таңдалған жұмыс
режимін жанып тұрған түйме арқылы анықтауға болады.
Жұмыс режимін таңдау арқылы өлшеу құралын әртүрлі
қабырға материалдарына бейімдеуге және қажеттілікке
қарай қажетсіз нысанның индикациясын жиюға болады.
Егер қабырға материалы анықталмаса, жұмыс Әмбебап
жұмыс режимінде басталады.
Әмбебап жұмыс режимі
Әмбебап жұмыс режимі кірпіш қалаудағы
жұмыстардың көпшілігіне жарамды. Металл
нысандар, сумен толтырылған пластик
құбырлар және электр сымдары мен
кабельдер анықталады. Құрылыстық
кірпіштегі бос орындар диаметрі 2 см
шамасынан кем болатын бос пластик
құбырлар анықталмайды. Максималды
өлшеу тереңдігі 6 см құрайды.
Бетон жұмыс режимі
Бетон жұмыс режимі темірбетондағы
жұмыстарға арналған. Арматуралық темір,
металл құбырлар, сумен толтырылған
пластик құбырлар және электрлік сымдар
мен кабельдер анықталады. Максималды
өлшеу тереңдігі 12 см құрайды.
Гипскартон жұмыс режимі
Гипскартон жұмыс режимі гипскартон
қабырғаларында (ағаш, гипскартон және т.б.)
ағаш балкаларын, металл қаңқаларды және
электрлік сымдар мен кабельдерді табуға
арналған. Сумен толтырылған пластик
құбырлар да анықталуы мүмкін. Бос пластик
құбырлар әдетте анықталмайды.
Максималды өлшеу тереңдігі 6 см құрайды.
Жұмыс істеу қағидасы (D суретін қараңыз)
Өлшеу құралы арқылы датчик аймағының (14) астыңғы
беті A өлшеу бағытымен максималды анықтау тереңдігіне
дейін зерттеледі. Қабырға материалынан айырмашылығы
бар нысандар анықталады.
Өлшеу құралын әрдайым көтермеу немесе қысу күшін
өзгертпей, сәл басу арқылы астыңғы беттің үстінен
жылжытыңыз.
Bosch Power Tools
Өлшеу құралын кез келген B бағытымен жылжытуға
болады.
Өлшеу процесі
Өлшеу құралын зерттелетін бетке қойыңыз.
Егер орнату кезінде өлшеу құралының астында нысан
тұрса, сигнал күші жеткілікті болғанда, сигналдық
шам (12) қызыл түсте жанып, өлшеу индикаторы (e)
ығысып, дыбыстық сигнал беріледі.
Егер өлшеу құралын орнату кезінде, ешқандай нысан
анықталмаса, дисплейде әрекет индикаторы (b) пайда
болып, сигналдық шам (12) сары түспен жанады. Өлшеу
құралын, әрекетінің индикаторы сөнгенше, беттің үстінен
көтермей жылжытыңыз.
Өлшеу құралының астында нысан анықталса, сигналдық
шам (12) жасыл түспен жанады.
Өлшеу құралы нысанға жақындаса, өлшеу
индикаторындағы (e) ығысу артып, сигналдық шам (12)
қызыл түспен жанады және дыбыстық сигнал беріледі. Ол
нысаннан алыстаса, өлшеу индикаторындағы ығысу
азаяды.
Нысандар кіші болған немесе терең орналасқан
жағдайда, сигналдық шам (12) сары түспен жануы және
дыбыстық сигнал берілмеуі мүмкін.
Астыңғы беттегі кеңірек нысандарды өлшеу
индикаторындағы (e) үздіксіз жоғары ығысу арқылы
анықтауға болады. Сигналдық шам (12) қызыл түспен
жанады.
Қабырғаны бұрғылау, аралау немесе
u
фрезерлеуден бұрын басқа ақпарат көздері
арқылы қауіптерден сақтануыңыз қажет. Қоршаған
орта әсерлері немесе қабырға сипаты өлшеу
нәтижелеріне ықпал ете алғандықтан, өлшеу
индикаторы (e) датчик аймағында ешқандай нысанды
көрсетпеуі және сигналдық шам (12) жасыл түспен
жануы мүмкін.
Нысан ортасын анықтау
Нысан анықталғанда, сигналдық шам (12) қызыл түспен
жанады. Сигнал күші жеткілікті болғанда, нысан ортасын
анықтауға арналған бағыттауыш көрсеткілер (d)
көрсетіледі.
Нысан ортасының орналасқан жерін дәл анықтау үшін
өлшеу құралын көрсетілген бағыттауыш көрсеткіге (d)
қарай жылжытыңыз.
Нысан ортасының үстінде өлшеу индикаторы (e)
максималды ығысуды көрсетеді және сигнал күші
жеткілікті болғанда, орталық крест (c) пайда болады.
Бағыттауыш көрсеткі (d) сөнеді.
Нысан ортасын одан да дәл анықтау үшін жеткілікті
сигнал күшінің жағдайында нысан ортасының тікелей
айналасында бар орталық крестке (c) қоса көрсетілетін
шаршыға назар аударыңыз.
Бағыттауыш көрсеткілер (d) көрсетілмесе, тікелей
айналада нысан сонда да бар болуы мүмкін.
Әрдайым өлшеу құралының барлық сигналдарына
u
(сигналдық шам, өлшеу индикаторы және нысан
Қазақ | 123
1 609 92A 4X7 | (24.02.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

D-tect 120 professional

Table des Matières