Bosch GCM 12 SDE Professional Notice Originale page 293

Masquer les pouces Voir aussi pour GCM 12 SDE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 42
– Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын
орнатыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды тұтқамен (13) төмен қарай баяу
бағыттаңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Жүріспен аралау
– Тарту аспабының (37) көмегімен (ені үлкен
дайындамалар) кесу үшін реттегіш бұранда (6) тарту
аспабын қысып тұрса, оны босатыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын
орнатыңыз.
– Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында
тұрғанша, (2) және (1) тіреуіш планкаларынан ары
тартыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды тұтқамен (13) баяу төмен қарай баяу
бағыттаңыз.
– Енді манипуляторды (2) және (1) тіреуіш планкалары
бағытымен басып, дайындаманы бірқалыпты
қозғалыспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Ұзындығы бірдей дайындамаларды аралау
(Q суретін қараңыз)
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін
ұзындық шектегішін (55) (керек-жарақ) пайдалануға
болады.
Ұзындық шектегішін аралау үстелі ұзартқышының (29)
екі жағында да орнатуға болады.
– Бұғаттау бұрандасын (56) босатып, ұзындық
шектегішін (55) қысқыш бұранда (57) үстінен
қайырыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (56) қайта бұрап қойыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (29) қажетті ұзындыққа
реттеңіз.
Тереңдік шектегішін реттеу (ойықты аралау) (R
суретін қараңыз)
Егер ойықты аралау керек болса, тереңдік шектегішін
реттеу керек.
– Тереңдік шектегішін (42) алға қайырыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (13) керекті күйге
қайырыңыз.
– Дәлдеу бұрандасын (41) бұранда ұшы тереңдік
шектегішіне (42) тигенше бұраңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Bosch Power Tools
Кең профильдерді аралау (S суретін қараңыз)
Кең профильдерді аралау үшін (макс. биіктігі 175 мм)
аралық ұстағышты (7) пайдаланыңыз.
– Бекіткіш бұранда (6) тартылған болса, оны босатыңыз
және манипуляторды алға тартыңыз.
– Аралық ұстағышты (7) тарту аспабына (37) төмен
қайырып, манипуляторды барынша артқа қарай
жылжытыңыз.
– Бекіткіш бұранданы (6) қайтадан мықтап тартыңыз.
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде,
оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында
дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің
арасында бос орын пайда болмауы тиіс.
Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.
Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын
ток көзіне жалғау керек.
Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды
u
жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты
пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (20) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Иінтірек (24) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру (T1 суретін қараңыз)
– Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (13) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен
бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
– Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу
қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
– Лазер сәулесін қосқышпен (34) қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік
сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде
орналасуы керек.
Түзулігін реттеу (T2 суретін қараңыз)
1. Оң жақ лазер сәулесін реттеу:
– Реттегіш бұранданы (58) алты қырлы дөңбек кілтпен
(59) оң жақ лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша
сызылған кесік сызығына параллель болғанша
бұраңыз.
Сонда сол жақ лазер сәулесі да жылжиды.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
2. Сол жақ лазер сәулесін реттеу:
– Реттегіш бұранданы (60) алты қырлы дөңбек кілтпен
((59) сол жақ лазер сәулесі дайындамадағы сызылған
кесік сызығынан оң жақ лазер сәулесімен бірдей
аралықта болғанша бұраңыз.
Қазақ | 293
1 609 92A 5U9 | (20.10.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières