Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch GST 8000 E Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GST 8000 E Professional:
Table des Matières

Publicité

OBJ_BUCH-2402-002.book Page 108 Thursday, April 9, 2015 2:45 PM
108 | Қaзақша
Бұрандалы шегені 15 қайта бұрап қойыңыз.
Жарылудан сақтайтын пластина 13 қисық аралауда
орнатылуы мүмкін емес.
Тіреу тақтасын жылжыту (C суретін қараңыз)
Шетке жақын болатын аралау үшін тіреу тақтасын 5 артқа
жылжыту керек.
15 бұрандасын босатып, тіреу тақтасын 5 жай желі кабелі
бағытында тірелгенше жылжытыңыз.
Бұрандалы шегені 15 қайта бұрап қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасында 5 аралау тек 0° қисаю
бұрышында мүмкін болады.Жарылудан сақтайтын
пластинаны 13 пайдалану мүмкін емес.
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті басыңыз 3.
Қосқыш/өшіргішті 3 бекіту үшін оны басып, тірегішті 1
оңға немесе солға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 3.
Қосқыш/өшіргіш 3 тірелген соң, әуелі оны басып сосын
жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс санын басқару/таңдау
Қосқышты/өшіргішті 3 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының жүрістер санын біртіндеп
реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті 3 жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Қосқыш/өшіргіш 3 бекітілгеннен кейін жүрістер санын
азайтуға болмайды.
Жүрістер санын таңдайтын реттеуші 2 арқылы қажетті
жүрістер санын пайдалану кезінде да реттеу мүмкін.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану
оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып
тастап электр құралын аз суыту үшін оны шамамен 3 минут
максималды жүрістер санында істетіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Кіші және жұқа дайындамаларды өңдеу кезінде
әрдайым қозғалмайтын төсем немесе аралау
құрылғысын (жабдық) пайдаланыңыз.
1 619 P13 394 | (9.4.15)
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдарында т.б. ине, бұранда
т.б. сияқты бөгде денелерді алып тастаңыз.
Тиюден қорғау
Корпустағы тиюден сақтау 9 жұмыс әдісінде аралау
дискісін кездейсоқ тиюдің алдын алып жойылуы мүмкін
емес.
Қол арасы (D суретін қараңыз)
 Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты
жұмсақ материалдарды өңдеуге болады! Қол
арасымен метал заттарын өңдемеңіз!
Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Қол арасымен аралауды тек 0° бұрышында орындау
қажет.
Электр құралын тіреу тақтасының 5 алғы шетімен
дайындамаға салып ара полотносын 8 дайындамаға
тигізбей электр құралды қосыңыз. Жүрісі басқарылатын
электр құралдарында максималды жүріс санын таңдаңыз.
Электр құралын дайындамаға басып ара полотносын
ақырын кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы 5 толық бетімен дайындамада жатқанда
қажетті аралау сызығымен аралаңыз.
Суытқыш/Майлау заттары
Металды аралау кезінде материал қызуы себебінен аралау
сызығында суытқыш немесе майлау затын жағу керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Ара полотносының бекіткішін жүйелі түрде тазалаңыз. Ол
үшін ара полотносын электр құралынан алып электр
құралын тегіс жерге жай қағыңыз.
Электр құралының ластануы ақаулар тудыруы мүмкін. Ол
үшін шаңды материалдарды бас үстінде немесе астында
араламаңыз.
 Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті
жиі үрлеп, тазартып артық тоқтан сақтайтын
қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ
өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы
мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы
мүмкін.
Бағыттаушы дөңгелекті 7 майлаңыз.
Бағыттаушы дөңгелекті 7 жүйелі түрде тексеріңіз. Тозған
бөлшек Bosch сервис орталығында алмастырылуы қажет.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières