Пайдалы Нұсқаулар Менен Кеңестер - Electrolux EN2900AOX Notice D'utilisation

Masquer les pouces Voir aussi pour EN2900AOX:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles

Les langues disponibles

Сөре көлденең орналастырылған
болса, тек жабық бөтелкелерді ғана
қойыңыз.
Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы
бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бұл
нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары
қарай бұрып, келесі жоғарғы деңгейге көтеріп
қоюға болады.
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
5.1 Қалыпты жұмыс кезінде
естілетін шуыл
• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы
аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе
көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі
мүмкін. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылып тұрған кезде,
тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,
компрессордан сырылдаған, сондай-ақ
дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл
дұрыс.
• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,
кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық
феномен емес. Бұл дұрыс.
• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде,
температура түймешесінің ақырын "сырт"
еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
4.8 Мұздатқыш себеттерді
мұздатқыштан алу
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып
қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін
тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан
алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да,
шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын
жоғары көтеріп қалыңыз.
Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы
жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа
салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан
кейін, себеттерді өз орындарына қарай
итеріңіз.
5.2 Қуатты үнемдеуге арналған
кеңестер
• Егер аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз
немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз.
• Егер ортаның температурасы жоғары
болса және Температура тетігі төмен
температура мәніне қойылса және
құрылғының іші толып тұрса, компрессор
үздіксіз жұмыс істеп, буландырғышқа қырау
немесе мұз қатуы мүмкін. Бұндай жағдайда,
автоматты түрде жібітуге мүмкіндік беріп,
электр қуатын үнемдеу үшін Температура
тетігін жылырақ параметрге қойыңыз.
5.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
ҚАЗАҚ
37
2
1

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières