Ылғалдандырғышты Пайдалану; Ылғалдылық Көрсеткішінің Мағынасы; Таза Ауаны Сақтау Сигналы Мен Құлпын Түсіну; Ылғалдандырғышты Қосу Және Өшіру - Philips HU4816 Mode D'emploi

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 100
4 Ылғалдандырғышты
пайдалану
Ылғалдылық көрсеткішінің
мағынасы
Ылғалдандырғыш кірістірілген смарт 
ылғалдылықты басқару сенсорымен 
жабдықталған.   Мақсатты салыстырмалы 
ылғалдылық деңгейін 40%,   50% және 60% 
мәніне орнатуға болады.   Ылғалдылық 
деңгейі қажетті деңгейге жеткенде,  
ылғалдылық көрсеткішінің шамы көк түсті 
болады.   Ылғалдылық деңгейіне жетпегенде,  
ылғалдылық көрсеткішінің шамы қызыл түсті 
болады.
Ескертпе
• Ылғалдылықтың ең ыңғайлы деңгейі 40%-60% 
СЫ арасында.  
• Ылғалдылық көрсеткішінің дәлдігі шамамен 
±10%.
• Бөлме ішіндегі ылғалдылық деңгейін өлшеуге 
біраз уақыт кетеді.
Таза ауаны сақтау сигналы мен
құлпын түсіну
Таза ауаны сақтау сигналы су ыдысын 
толтыру қажет болған жағдайда уақтылы 
белгі береді.   Ыдыстағы су төмендеп бара 
жатқанда,   басқару тақтасындағы   қызыл 
индикатор ыдысты қайта толтыру уақыты 
келгенін ескертіп жыпылықтай бастайды 
( h-сур.).   Ол 30 минут бойы жыпылықтап 
тұрады.   Осыдан кейін,   ыдыс сумен 
толтырылғанша көрсеткіш қосулы тұрады.
Таза ауаны сақтау құлпы ылғалдандырғыштың 
сусыз жұмыс істемеуін қадағалайды.   Су 
ыдысы босаған соң 30 минуттан кейін таза 
ауаны сақтау құлпы ылғалдандырғышты 
өшіріп,   қызыл түсті көрсеткішті іске қосады.  
Су ыдысы тиісінше толтырылған соң 
ылғалдандырғыш қайта іске қосылады.
Ескертпе
• Ұйқы режимде қызыл түсті көрсеткіш 
жыпылықтамайды,   ол су деңгейі төмендеген 
кезде жанады.
Ылғалдандырғышты қосу
және өшіру
1
Ылғалдандырғыштың ашасын қуат 
розеткасына жалғаңыз.
2
Ылғалдандырғышты қосу үшін,   қуат 
түймесін   басыңыз ( i-сур.).
» Ағымдағы ылғалдылық деңгейі мен 
желдеткіш жылдамдығы экранда 
көрсетіледі.
3
Ылғалдандырғышты өшіру үшін,   қуат   
түймесін басыңыз.
Ескертпе
• Су ыдысындағы су деңгейі өте төмен болса,  
ылғалдандырғыш жұмысы тоқтатылады.   Қызыл 
 түсті көрсеткіш алдымен жыпылықтап,  
кейіннен жанып тұрады.
• Ылғалдандырғыш өте таза,   көзге көрінбейтін 
бу шығарады,   сондықтан будың көзге 
көрінбеуі қалыпты жағдай.
KK
145

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Hu4816/10

Table des Matières