Bosch EasyPump Notice Originale page 113

Table des Matières

Publicité

Электр құралының амплитуда бойынша есептелген
дыбыстық қысым деңгейі әдетте 71 дБ(A) құрайды. K
дәлсіздігі = 3 дБ. Шуыл деңгейі жұмыс барысында
белгіленген шамалардан артық болуы мүмкін. Құлақ
қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері a
(үш бағыттың векторлық
h
қосындысы) және K дәлсіздігі, EN 62841‑1 бойынша
есептелген:
2
2
a
 = 4 м/с
, K = 1,5 м/с
.
h
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Монтаждау
Аккумуляторды зарядтау (A суретін қараңыз)
Тек техникалық мәліметтерде келтірілген
u
штепсельдік қуат блоктарын пайдаланыңыз. Тек
қана мұндай штепсельдік қуат блоктары ауа
сорғысында пайдаланылатын литий-иондық
аккумулятормен үйлесімді.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын штепсельдік
қуат блогы арқылы толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" қорғанысы арқылы қатты заряд таусылуынан
қорғалған. Аккумулятор заряды таусылған жағдайда,
қорғаныш өшіру жүйесі ауа сорғысын өшіреді.
Ауа сорғысы таусылған аккумуляторға
u
байланысты автоматты түрде өшкен жағдайда,
қосу/өшіру түймесін ары қарай баса бермеңіз.
Әйтпесе аккумулятор зақымдалуы мүмкін.
Bosch Power Tools
Аккумуляторды зарядтау үшін USB Type-C® ұясын (16)
USB кабелі (14) арқылы штепсельдік қуат блогымен (15)
байланыстырыңыз. Штепсельдік қуат блогын розеткаға
енгізіңіз.
Зарядтау процесі басталып, аккумулятор заряды
деңгейінің индикаторындағы (d) үздіксіз жолақтар
арқылы көрсетіледі. Зарядтау барысында ауа сорғысын
пайдалануға болмайды.
Зарядтау процесі аяқталғанда, аккумулятор заряды
деңгейінің индикаторы (d) ауа сорғысы ток желісінен
ажыратылғанша үздіксіз жанып тұрады.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, штепсельдік
қуат блогын (15) ток желісінен ажыратыңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Дисплейдегі аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы (d) аккумулятор зарядының деңгейін
көрсетеді:
Индикатор
Қуаты
75−100 %
50−75 %
25−50 %
5−25 %
0−5 %
Адаптерді монтаждау/алмастыру
(B суретін қараңыз)
Пайдалану мақсаты үшін жарамды адаптерді таңдаңыз:
– Вентиль адаптері (2): мысалы, көптеген велосипед
вентильдері үшін,
– Доп инесі (3): мысалы, футбол доптары үшін,
– Көлем адаптері (4): шағын жағажай немесе спорт
бұйымы үшін, мысалы, су добы.
Қондырманың сақтау бөлімінен қақпақты (1) алып тастап,
адаптерді шығарыңыз.
Адаптерді қысымды шлангіге (9) тірелгенше бұрап
кіргізіңіз.
Әдеттегі автомобиль вентильдері үшін (кейде велосипед
шиналарында қолданылады) адаптер қажет емес.
Пайдалану
Қолданысқа енгізу
Қосу/өшіру
Ауа сорғысын қосу және өшіру үшін қосу/өшіру
түймесін (5) басыңыз. Өшірген кезде, соңғы реттелген
мақсатты қысым жадқа сақталады.
Егер ауа сорғысында шамамен 3 минут ішінде ешқандай
түйме басылмаса, ауа сорғысы аккумулятор зарядын
үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді.
Қазақ | 113
1 609 92A 62V | (25.08.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières