Bosch EasyDrill 12 Notice Originale page 128

Masquer les pouces Voir aussi pour EasyDrill 12:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
128 | Қазақ
тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
230 В деп белгіленген электр құралдарын 220 В
шамасында да пайдалануға болады.
Нұсқау:аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын штепсельдік
қуат блогы арқылы толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор Electronic Cell Protection
(ECP) арқылы қатты заряд таусылуынан қорғалған.
Аккумулятор заряды таусылған болса, электр құралы
қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы
аспап бұдан былай қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Зарядтау әдісі зарядтау құралының желі айырын
розеткаға ал зарядтау айырын (9) қолтұтқасының
артындағы (10) науасына салғаныңызда басталады.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (6) заряд
деңгейін көрсетеді. Зарядтау кезінде индикатор жасыл
түспен жыпылықтайды. Аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы (6) үздіксіз жасыл түспен жанып тұрса, бұл
аккумулятордың толық зарядталғанын білдіреді.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, штепсельдік
қуат блогын ток желісінен ажыратыңыз.
Электр құралын зарядтау кезінде пайдалануға болмайды
және ол зарядтау кезінде жұмыс істемесе бұзылған
болып табылмайды. Кәдеге жарату бойынша
нұсқауларды орындаңыз.
Аспапты алмастыру (B суретін қараңыз)
Электр құралында кез келген жұмыстарды
u
(мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды
алмастыру және т.б.) орындау алдында және оны
тасымалдау және сақтау кезінде айналу бағытын
ауыстырып-қосқышты ортаңғы күйге
жылжытыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан
жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
Ажыратқыш (7) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі
бекітіледі. Бұл бұрғы патронында алмалы-салмалы
аспапты жылдам, оңай және жай алмастыруға мүмкіндік
береді.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (1) айналу
бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тарту бұрғы патронының (1)төлкесін ➋ бұрау
бағытында орнына сырт етіп түскенше қолмен бұраңыз.
Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі.
Бұғаттау алдыңғы гильзаны қарама-қарсы бағытта
айналдырғанда алынады.
1 609 92A 4Y6 | (12.09.2019)
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Айналу бағытын реттеу (C суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (4) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (4) солға тірелгенше басыңыз.
Оңға айналу бағытының индикаторы (2)
ажыратқыш (7) қосулы болғанда және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жанады.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (4) оңға тірелгенше
басыңыз.
Солға айналу бағытының индикаторы (3)
ажыратқыш (7) қосулы болғанда және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жанады.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып
тұрыңыз.
Шырақ (5) косқыш/өшіргішті (7) жай немесе толық
басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс
аймағын жарықтандырады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (7)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (7) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières