Bosch GBH 18V-26 Professional Notice Originale page 168

Masquer les pouces Voir aussi pour GBH 18V-26 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
OBJ_DOKU-52352-003.fm Page 168 Tuesday, March 27, 2018 11:11 AM
168 | Қазақша
Аустырмалы бұрғылау патронын
шығару/орнату (GBH 18V-26 F)
SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын 2 жинақтағы тез
қысылатын ауыстырмалы бұрғы патронына 1 жылдам
ауыстыруға болады.
Алмалы-салмалы бұрғылау патронын шығару
(F суретін қараңыз)
– Ауыстырмалы бұрғы патронының бекіту шеңберін 6
артқа тартып, оны осы күйде ұстап SDS-plus
ауыстырмалы бұрғы патронын 2 немесе тез қысылатын
ауыстырмалы бұрғы патронын 1 алға тартыңыз.
– Шығарғаннан соң ауыстырмалы бұрғы патронын ластан
тазалаңыз.
Алмалы-салмалы бұрғылау патронын орнату
(G суретін қараңыз)
 Модельге арналған түпнұсқалық жабдықтарды
пайдаланып орталыққа дәлдеу жырашықтар
санына назар аударыңыз 27. Тек қана екі немесе үш
орталыққа дәлдеу жырашықтар рұқсат етіледі. Осы
электр құралына сәйкес болмаған ауыстырмалы бұрғы
патроны пайдаланылса алмалы-салмалы аспап жұмыс
істеу кезінде шығып түсуі мүмкін.
– Орнатудан алдын ауыстырмалы бұрғы патронын
тазалап, салынатын жағын аздап майлаңыз.
– SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын 2 немесе тез
қысылатын бұрғы патронын 1 алақанмен ұстаңыз.
Ауыстырмалы бұрғы патронын бұрап бұрғы патроны
қысқышына 26 тірелу дыбысы естілгенше
жылжытыңыз.
– Алмалы-салмалы бұрғылау патроны өзі бекітіледі.
Алмалы-салмалы бұрғылау патроны бекітілуін тартып
тексеріңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан сақтайтын бұқтырмамен 4 жұмыс істеу кезінде
бұрғылау шаңының аспап патронына кіруіне жол
бермейді. Аспапты пайдаланудан алдын шаңнан
сақтайтын бұқтырманың 4 зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз.
 Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден
алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Жұмыс құралын ауыстыру (SDS-plus)
SDS-plus электр құралын пайдалану
(H суретін қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– GBH 18V-26 F: SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын
2 орнатыңыз.
– Алмалы-салмалы аспаптың салынатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы жұмыс құралын патронға автоматты
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
1 609 92A 3DF | (27.3.18)
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын шығару
(I суретін қараңыз)
– Бекіту төлкесін 5 артқа жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру (SDS-plus-сіз)
(GBH 18V-26)
Алмалы-салмалы аспапты орнату (J суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus-сіз аспаптарды перфораторлық
бұрғылау немесе ою үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus-сіз
аспаптар перфораторлық бұрғылауда немесе оюда
бұзылады.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 24 ("Тісті тәждік бұрғы
патронын орнату/шығару", 167 бетінде қараңыз)
орнатыңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 24 аспап
орнатылғаныша бұраңыз. Аспапты орнатыңыз.
– Бұрғылау патроны кілтін тісті тәждік бұрғылау
патронының 24 тиісті ойықтарына орнатып аспапты
бекітіңіз.
– Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 13 "бұрғылау"
күйіне айналыдырыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
(K суретін қараңыз)
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 24 бұрғылау патроны
кілтімен сағат тіліне қарсы бағытта алмалы-салмалы
аспап шешілгенше бұраңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру (SDS-plus-сіз)
(GBH 18V-26 F)
Алмалы-салмалы аспапты орнату (L суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus-сіз аспаптарды перфораторлық
бұрғылау немесе ою үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus-сіз
аспаптар перфораторлық бұрғылауда немесе оюда
бұзылады.
– Тез қысылатын ауыстырмалы бұрғы патронын 1
орнатыңыз.
– Тез қысылатын бұрғы патроны 30 ұстағышын қатты
ұстаңыз. Аспап патронын алғы төлкені 29 аспап
салынатын күйіне дейін бұрап ашыңыз. Ұстағышты 30
ұстап алғы төлкені 29 күшпен көрсеткі бағытында анық
дыбысы естілгенше бұраңыз.
– Аспапты тартып бекем тұруын тексеріңіз.
Ескертпе: Аспап патроны тірелгенше ашылған болса
жабуда дыбыс естіліп аспап патроны жабық болмауы
мүмкін.
Осы жағдайда алғы төлкені 29 бір рет көрсеткі бағытына
қарсы бағытта бұраңыз. Сосын аспап патронын жабуға
болады.
– Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 13 "бұрғылау"
күйіне айналыдырыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gbh 18v-26 f professional

Table des Matières