Bosch GFZ 16-35 AC Professional Notice Originale page 108

Masquer les pouces Voir aussi pour GFZ 16-35 AC Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 16
108 | Қазақ
Электр құралында кез келген жұмыстар
u
орындағанда ара дискісіне ара дискісінің
қорғанысын орнатыңыз.
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқаны монтаждау
(A−C суреттерін қараңыз)
Кернегіш құбырды (14) корпус саңылауына кіргізіп,
домалатпа бұрандамен (13) бұрап бекітіңіз.
Құсымша тұтқаны (2) ажыратып, оны екі жағынан
кернегіш құбырға (14) орнатыңыз.
Бұранданы (16) қосымша тұтқа мен кернегіш құбырдан
өткізіп, домалатпа гайкамен (15) бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаны қайыру (D суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны (2) кез келген бағытпен қайырып,
қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге
болады.
Домалатпа гайканы (15) босатып, қосымша тұтқаны (2)
қажетті күйге қайырыңыз. Домалатпа гайканы қайтадан
берік бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаны жылжыту (E суретін қараңыз)
Шетіне жақын аралау үшін қосымша тұтқаны (2) шетке
жылжытыңыз.
Домалатпа бұранданы (13) босатып, қосымша
тұтқаны (2) кернегіш құбырмен (14) қажетті күйге
жылжытыңыз. Домалатпа бұранданы қайтадан берік
бұрап бекітіңіз.
Ара дискілерін орнату/алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе
u
алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт
пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.
Ара дискілерін таңдау
Ара дискілерін өңделетін материалға сәйкес таңдаңыз.
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау үшін тек қатты
металды, ағаш немесе пластмассаға арналмаған ара
дискілерін пайдаланыңыз.
Ара дискілерін орнату (G–H суреттерін қараңыз)
Электр құралын тірек тақтасымен жоғары қарай бұраңыз.
Қажет болса, аспирациялық келте құбырды (8) алып
тастаңыз. Ол үшін аспирациялық келте құбырды
жұдырықшасынан (10) ажыратып, жоғары қарай
шығарып алыңыз.
Әрдайым алдымен ара дискісін қысқышы (17)
қозғалтқышқа жақын тұратындай етіп орнатыңыз.
Нұсқау: ара дискісінің қысқыштары (17) әр өшірілгеннен
кейін басқа күйде тұрады. Суреттер ықтимал күйді
көрсетеді.
Ара дискісінің жазбасы әрдайым сыртқа қарап
u
тұрып, түсі ара дискісі қысқышының түсіне сәйкес
келуі тиіс.
1 609 92A 4YJ | (13.06.2019)
Ара дискісін құлыптан босатуға арналған SDS
түймесін (9) басып тұрыңыз. Бұл ретте құлыптау
штифті (18) кері тартылып, ара дискілерін ілуге болады.
Жарамды ара дискісін (12) қозғалтқышқа жақын тұрған
ара дискісінің қысқышына (17) іліңіз ➊. Ара дискісін ара
дискісінің бағыттауышына (19) бұрап кіргізіңіз де, ара
дискісіндегі дөңес жердің пышақтағы (1) ойыққа
тірелуіне мүмкіндік беріңіз.
Екінші ара дискісін бос ара дискісінің қысқышына (17)
іліңіз ➋. Ара дискісін ара дискісінің бағыттауышына (19)
бұрап кіргізіңіз. Ара дискісін құлыптан босатуға арналған
SDS түймесін (9) жіберіңіз.
Екінші ара дискісін (12) ара дискісіндегі дөңес жер
пышақтағы (1) ойыққа тірелгенше жоғарыдан басыңыз.
Ара дискілерінің берік тұрғанына көз жеткізіңіз.
u
Босаған ара дискісі жарақат тигізуі мүмкін.
Ара дискісінің қорғанысын (11) ара дискілеріне (12)
орнатыңыз.
Ара дискілерін шығару (I–J суреттерін қараңыз)
Ара дискісін құлыптан босатуға арналған SDS
түймесін (9) басыңыз. Ара дискілерінің (12) екеуін де бір
уақытта ара дискісі қысқышының (17) биіктігіне ара
дискісінің бағыттауышынан (19) тартыңыз ➊.
Ара дискілерін (12) ұзындығы бойынша бір-бірінен ары
жылжытып ➋, оларды ара дискісінің
бағыттауышынан (19) бір-біріне қарай тартыңыз ➌. Бір
уақытта шығару кезінде ара дискілері өзара
құлыптанады.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышты жалғау (F суретін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (8) корпустағы тұтқа (6)
астында іліп, жұдырықшаға (10) кіргізіңіз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières