Télécharger Imprimer la page

Kärcher SV 7 Mode D'emploi page 233

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
 Осы жерлерге буды бағыттамаңыз.
 Əйнек бетін шамамен 20 см қашықтықтан
біркелкі бумен өңдеңіз.
 Бу берілісін өшіріңіз.
 Əйнек бетін кесек-кесекпен үстінен астына
қарай резеңке ысқышпен алып тастап,
сорғытыңыз.
 Резеңке ысқышты жəне астыңғы терезе жиегін
қажетінше құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Жұмсақ жиһаздарды сорғыш шүмек
(кішкентай)
Ол саңылауларға арналған плиталар, есік
жақтауы, жалюзи саңылаулары жəне т.б. сияқты
қол жеткізуге қиын беттерден кірді сорғытуға
арналған.
Жұмсақ жиһаздарды сорғыш шүмек
(үлкен)
Дивандар, креслолар, матрастар, автокөліктегі
орындықтар жəне т.б. сияқты тоқымалы
беттерді тазалауға арналған.
Саңылау шүмегі
Бұрыштар, жапсарлар, батареялар мен қол
жеткізу қиын жерлерге арналған.
Жиһаз жаққышы
Сурет жақтаулары, кітаптар жəне т.б. сияқты
сезімтал беттерді тазалауға арналған.
Арнайы жабдықтар
Цилиндрлік қылшақтар комплекті (Тапсырыс №
2.860-231) 4 нүктелі ағын шүмегінің түрлі-түсті
цилиндрлік қылшақтар.
HEPA сүзгісі (Тапсырыс № 2.860-229)
Күту мен техникалық тексеру
жұмыстары
ҚАУІП
Электрлік ток соғудан өлім қаупі.
 Бұйым бойынша өткізілетін барлық жұмыстар
уақытында бұйымды міндетті түрде электр
тоғынан шығарып, электр ашасын
розеткадан шығарылып алынуы тиіс.
 Бұйым суығанша күтіңіз.
 Жөндеу жұмыстары мен электр бөлшектері
бойынша жұмыстар тек қана осы жұмыстар
үшін рұқсаты бар арнайы мамандар арқылы
ауыстыртып алуыңыз тиіс.
Қылшақтарды суыту жəне кептіру кезінде
қылдың үстіне қоймаңыз, себебі ол
деформациялануы мүмкін.
Бұйым корпусын сыртынан тазалау үшін тек
қана дымқыл майлықты қолданыңыз.
Еріткіштер мен жуғыш заттарды қолданбаңыз,
себебі олар пластик беттерге зиян келтірулері
мүмкін.
Су сүзгісі сауытын тазалау үшін, "Бұйымды
сақтау" бөлімін қараңыз.
Күту
Бу ашасындағы төсемдердің күйін жүйелі түрде
тексеріп тұрыңыз. Қажет болса, оларды
ауыстырыңыз.
Дəл сол тексерісті бу құбыры мен тұтқаның
қосылым төсемдерінде де орындаңыз.
HEPA сүзгісі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
HEPA сүзгілерін қате тазалаудан пайда болатын
мүліктің зақымдалуы.
 Қажет болғанда, тек ағынды су астында
тазалаңыз; сүртпеңіз не қылшақпен
тазартпаңыз.
 Су сүзгісі сауытын алып тастау үшін, "Су сүзгісі
сауытын толтыру" бөлімін қараңыз.
Сурет
 HEPA сүзгісінің шығару иінтірегін көтеріңіз де,
сүзгіні орнынан алып тастаңыз.
 HEPA сүзгісін суық ағынды сумен жуыңыз.
 Тазалаудан кейін қоқыс қалдықтары мен қалған
суды кетіру үшін, сүзгіні абайлап қағыңыз.
Нұсқау
HEPA сүзгісін жарық пен жылу көздерінен алшақ,
таза ауада кептіріңіз. HEPA сүзгісін бұйым ішіне тек
құрғақ күйінде енгізіңіз.
Зақымдалған HEPA сүзгісін ауыстыру
HEPA сүзгісін əр 4 ай сайын тазалау керек.
HEPA сүзгісінің ұстағышта дұрыс
орналасқандығына көз жеткізіңіз.
HEPA сүзгісін тұтқамен қайтадан бұғаттаңыз.
Кедергілер болғанда көмек алу
Кемшіліктердің себебін астыда көрсетілген тізімге
сəйкес Өзіңіз жоя алуыңыз мүмкін. Күдікті
жағдайларда немесе осында аталған емес себебі
жағдайларда Қызмет Көрсету бөлімінің арнайы
мамандарымен хабарласыңыз.
ҚАУІП
Электрлік ток соғудан өлім қаупі.
 Бұйым бойынша өткізілетін барлық жұмыстар
уақытында бұйымды міндетті түрде электр
тоғынан шығарып, электр ашасын
розеткадан шығарылып алынуы тиіс.
 Бұйым суығанша күтіңіз.
 Жөндеу жұмыстары мен электр бөлшектері
бойынша жұмыстар тек қана осы жұмыстар
үшін рұқсаты бар арнайы мамандар арқылы
ауыстыртып алуыңыз тиіс.
Бұйым сормай тұр
Ток берілісі үзілді
 Тоқ ашасын тоқтан шығарып, қосу кабелі мен
тоқ ашасының бұзылып қалған жер болып
болмауын тексеріп алыңыз.
Керек-жарақтар/сорғыту шлангісі/сорғыш
түтіктері бітелген немесе қысылған
Керек-жарақтар/сорғыту шлангісі/сорғыш түтіктері
10 секундтан ұзақ бітелген немесе қысылған
жағдайда, төменгі қысым пайда болып, электрондық
жабдық қауіпсіздік мақсаттарында қозғалтқышты
өшіреді.
 Бұйымды істен шығарыңыз.
 Бітелуді жойыңыз.
 Бұйымды қосыңыз.
– 12
KK
Жөндеу
233

Publicité

loading