Télécharger Imprimer la page

Kärcher SV 7 Mode D'emploi page 227

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
Қауіпсіздік туралы
нұсқаулар
Қауіпсіздік ережесін Пайдалану нұсқауындағы
ережелермен қоса, жалпы заңды қауіпсіздік жəне
жазатайым оқиғаны алдын алу талаптарын
сақатаған жөн.
Осы нұсқаулықтарға қарсы жасалған кез келген
қолданыс кепілдің жойылуына əкеледі.
ҚАУІП
Жарылу қаупі бар жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
Қауіпті аймақта бұйымды қолдану кезінде
тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
Суы бар жүзу бассейнінде аппаратты
қолданбаңыз.
Бу ағынын электрлік бөлшектері бар
бұйымдарға (мысалы, пештердің ішіне)
тікелей бағыттамаңыз.
Пайдалану алдында бұйым мен жабдықтардың
дұрыстығын тексеріңіз. Егер қызметі
ойдағыдай болмаса, қолдануға тыйым
салынады. Электр тоққа қосу кабелдерін,
қауіпсіздік қалпақшасын жəне бу беру шлангісін
ерекше тексеруден өткізіңіз.
Бұзылып қалған кабелдерін дереу түрде осы
жұмыстар үшін рұқсаты бар арнайы мамандар
арқылы ауыстыртып алуыңыз тиіс.
Бұзылып қалған жоғары қысымды бу беру
шлангісін дереу түрде ауыстыртып алуыңыз
тиіс. Бұйым шығарушы тарапынан рұқсат
етілген ғана бу беру шлангісі қолданылуы
тиіс.
Кабель ашасы мен электр розеткасын
ешқашан ылғалды қолмен ұстамаңыз не
түртпеңіз.
Ешқашан аспапты жалаңаяқ қоспаңыз.
Егер штепсельді айыр розеткаға қосылып
тұрса, ешқашан бұйымды су қолмен
ұстамаңыз.
Ешқашан бұйымды суға немесе басқа да
сұйықтықтарға қоймаңыз.
Құрамында қауіпті заттары бар бұйымдарды
бумен тазаламаңыз (мысалы, таскендір)
.
Жақын аралықтан бу ағынына қолыңызды
тигізбеңіз жəне оны адамдар немесе
жануарларға қарай бағыттамаңыз (ыстық
будың күйдіру қаупі бар).
ЕСКЕРТУ
Бұйымды тек электршінің IEC 60364
стандартына сəйкес қондырған электр
розеткасына қосуға болады.
Бұйымды тек қана ауыспалы тоққа қосыңыз.
Тоқ кернеуі бұйымның түрі белгісіндегі
көрсетілген кернеуіне сəйкес болуы тиіс.
Ылғалды бөлмелерде, мысалы, ванна
бөлмелерінде, бұйымды арнайы FI қауіпсіздік
ажыратып-қосқышымен розеткаға қосу тиіс.
Жарамсыз электрлік ұзарту кабельдерін
қолдану қауіпті болуы мүмкін. Ұзартқыш
ретінде тек су бүркіндісінен сақтайтын
кемінде 3 х 1 мм² көлденең қималы электрлік
кабельді пайдаланыңыз.
Электр ашасы мен ұзартқыш жалғауы суда
жатпау керек.
Электр тоққа қосу кабелі немесе
ұзартқыштағы жалғау муфталарын
алмастыру кезінде бүркіндіден сақталуын
жəне механикалық беріктікті қамтамасыз ету
қажет.
Пайдаланушы бұйымды нысанына
байланысты қолдану керек. Бұйыммен жұмыс
істеу кезінде жергілікті ерекшеліктерге назар
аударуы керек, жақында жүрген адамдарды
ескеруі қажет.
Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе
ақыл-ой дамуы шектелген немесе тəжірибесі
жəне/немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті
маманның бақылауында болмаған кезде
немесе осы мамандар тарапынан бұйымды
қолдану тəсілі жəне оған қатысты қауіптер
түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы тиіс.
Балалар 8 жастан асқан жағдайда немесе
олардың қауіпсіздігіне жауапты адам
бақылауында немесе құрылғының қолдану
тəсілімен жəне оған қатысты қауіптермен
танысқан кезде ғана құрылғыны қолдана
алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
Балаларға құрылғымен ойнауға жол бермеу
үшін оларды бақылап отыру керек.
Балалар құрылғыны тек ересектердің
бақылауында тазалауы жəне пайдалануы
мүмкін.
Бұйымды ешқашан қосулы күйінде қалдыруға
болмайды.
Электр розеткалары бар кафельді
қабырғаларды тазалау кезінде қауіпсіздікті
сақтаңыз.
Бұйыммен қышқылдар мен сілтілерді
сормаңыз, себебі олар аспапқа зиян келтіреуі
мүмкін. Бұйыммен бұйымның ішкі
бөлшектерімен қатынас кезінде жарылып
кететін жарылғыш ұнтақтарды немесе
сұйықтықтарды сормаңыз.
Улы заттар сормаңыз.
Жанғыш немесе тұтанғыш заттарды
сормаңыз, мысалы тұқылдар, күл немесе
басқа жанғыш немесе тұтанғыш заттар.
Егер бұйым құласа, оны өкілетті қызмет
көрсету орны тексеруі қажет, себебі өнім
қауіпсіздігін төмендететін ішкі ақаулықтар
пайда болуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Электр тоққа қосу кабелі мен ұзартқыштың
қиылу, қысылу, созылу жəне т.б. нəтижесінде
пайда болған ақаулардың болмауын қадағалау
керек. Электр кабелдер ыстықтың, майдың
əсерінен жəне өткір қырлардың
зақымдануынан сақтаңыз.
Сумен толтыру уақытында бұйымды
міндетті түрде электр тоғынан шығарып,
электр ашасын розеткадан шығарылып
алынуы тиіс.
Су резервуарына еріткіштерді, еріткіші бар
сұйықтықтарды жəне де араластырылмаған
қышқылдарды (мысалы, жуғыш заттар,
жанармай, бояуларға арналған еріткіш немесе
ацетон) құюға тыйым салынады, əйтпесе,
– 6
KK
227

Publicité

loading