Télécharger Imprimer la page

Kärcher SV 7 Mode D'emploi page 232

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
Жабдықтарды қолдану
Теріні, ерекше маталарды немесе ағаш
төсемдерді өңдеген кезде, жасап шығарушы
нұсқаулықтарын оқып шығу қажет жəне
жұмысты бастамас бұрын, алдымен үлгіде
немесе көрінбейтін жерде жұмысты жасап көру
қажет. Түс немесе формасының өзгеруін
тексеру үшін, бумен өңделген төсемдер
кебулері керек.
Ағаш төсемдерді (жиһаз, есіктерді, т. Ағаш
төсемдерді (жиһаз, есіктерді, т. б.) өңдеген
кезде өте сақ болуыңызды ұсынамыз, себебі
бумен тым ұзақ өңдеу балауызды беттерге,
төсемдердің жылтырауына немесе сырына
зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан осындай
төсемдердің беттерін бумен қысқа өңдеу қажет
немесе тазалауды алдын ала бумен өңделген
маталы майлықпен жасау керек.
Əсірсе сезімтал төсемдер үшін (мысалы,
синтетикалық материалдар, лакталған беттер,
т. б.) ең аз қуатты бумен өңдеу функциясын
пайдалану ұсынылады.
Жоғары сапалы болатты тазалау: Қырнайтын
қылшақтарды қолданбаңыз. Қол шүмегін
резеңке ысқышымен немесе нүктелі ағын
шүмегін дөңгелек қылшақсыз орнатыңыз.
Тоқыманы жаңарту
Бұйыммен тазалауды бастамас бұрын, əрқашан
көрінбейтін аймақта тоқыманың бу əсеріне
тұрақтылығын тексеріңіз: Алдымен бумен
тазалаңыз да, кептіріп, матаның түсі, пішіні
өзгеруін тексеріңіз.
Еден жууға арналған шүмегі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бу өнімділігінің жоғары параметрін орнатудан
пайда болатын мүліктің зақымдалуы.
 Паркет сияқты сезімтал едендерді тазалау
жұмысы тек ең жоғары сору күшімен жəне
минималды бу өнімділігімен орындалуы керек.
Қолданыс мысалдары
Үлкен беттер, керамикалық, мəрмəр едендерді,
паркет, кілемдерді жəне т.б. тазалау.
Қылшақ жолақтарының ендірмесі бар еден сору
шүмегі: Қиын кетірілетін кірді еріткішпен өңдеу
жəне қылшақпен тазалауға арналған.
Резеңке ысқыш ендірмесі бар еден сору шүмегі:
Тегіс беттерден сұйықтықтарды сорғытуға
арналған.
Эбонит ендірмесі бар еден сору шүмегі: Кілем
беттерді тазалау жəне жаңарту.
Ендірмелерді орнату
Сурет
 Еден сору шүмегінің құлпын сыртқа
жылжытыңыз.
 Ендірмені қылшақтың төменгі жағына
орнатыңыз.
 Ендірме қорғалғаннан кейін, құлыпты ішке
жылжытыңыз.
 Ендірмелерді алып тастау: Құлыпты қайтадан
сыртқа жылжытыңыз.
 Ендірмені шығарыңыз.
232
Нүктелі ағын шүмегі
Тазалау сапасы шүмектің кірленген жерге
жақындығына тəуелді жоғарылайды, себебі бумен
өңдеу температурасы мен қысымы шыға берісінде
ең жоғары болып табылады.
Қолданыс мысалдары
Нүктелі ағын шүмегін қол жеткізуге қиын
жерлерде қолдану ұсынылады.
Жоғары сапалы болатты, əйнек беттерін,
айналарды жəне эмаль төсемдерін тазалау.
Баспалдақ бұрыштарын, терезе мен есік
жақтауларын, алюминий профильдерін
тазалау.
Арматураларды тазалау.
Терезе қақпақтарын, батареяларды тазалау.
Нүктелі ағын шүмегі жəне керек-жарақтар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сезімтал беттерде дөңгелек қылшақты
қолданудан пайда болатын мүліктің зақымдалуы
(мысалы, боялған беттердегі сызаттар).
 Сезімтал беттерде дөңгелек қылшақты
қолданбаңыз.
Дөңгелек қылшақ əсіресе плиталардың
жылытқыш элементтері, жалюзи, плита
арасындағы тігістер, санитарлық құрылғылар
жəне т.б. сияқты кішкентай беттердегі қиын
кетірілетін кірге арналған.
Ұзартқыш: Осы керек-жарақтың көмегімен
əсіресе қол жеткізуге қиын жерлерді оңтайлы
тазалауға болады. Батареялар, есік
жақтаулары, терезелер, жалюзи, санитарлық
құрылғыларды тазалау үшін мінсіз.
Қолданыс мысалдары
Сору қол шүмегін үлкен шыны жəне айна
беттерінде, бүкіл тегіс беттерде немесе
дивандар, матрастар жəне т.б. сияқты маталы
беттерде қолдану ұсынылады.
Қол шүмегі жəне керек-жарақтар
Терезе тазалау ендірмесі, кең: Терезе əйнегі
жəне үлкен көлемді беттер.
Терезе тазалау ендірмесі, кіші: Терезе əйнегі
жəне кішкентай көлемді беттер.
Қылшақтары бар диск: Кілемдер, сатылар,
машина салоны, бүкіл маталы беттерге
арналған (алдымен көрінбейтін жерде сынап
көру керек). Абразивті тазалау мен жуып
тазалауға арналған.
Түкті матадан жасалған тысқапты қол шүмегіне
тартып кигізіңіз. Əсіресе үлкен емес, жууға
болатын аудандар үшін жақсы келеді, мысалы,
душ кабиналары жəне айналар үшін.
Əйнектерді тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Суық терезе əйнектеріне бу шығарудан пайда
болатын мүліктің зақымдалуы.
 Аса суық температуралы жыл мезгілдерінде
əйнекті шамамен 50 см қашықтықтан
өңделетін төсемге бу жіберу арқылы алдын
ала жылытып алу керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Терезе жақтауларының жабылған жерлеріне бу
шығарудан пайда болатын мүліктің зақымдалуы.
– 11
KK
Қол шүмегі

Publicité

loading