Пайдалану Нұсқаулары - Bosch Professional GBS 75 AE Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour Professional GBS 75 AE:
Table des Matières

Publicité

OBJ_BUCH-459-005.book Page 95 Monday, December 2, 2013 8:07 AM
Жинау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангін сору құбырына 10 салыңыз. Сорғыш
шлангін шаңсорғышқа қосыңыз. Осы нұсқаулық соңында
түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаң қабымен жеке сору
Кіші жұмыстарда шаң қабын (жабдықтар) 7 қосуға
болады. Шаң қабының бекіткіштерін үрлегіш щтуцерге 10
орнатыңыз. Шаңсору әрдайым оңтайлы болуы үшін шаң
қабын 7 уақтылы босатыңыз.
Тегістеу таспасын алмастыру (А суретін
қараңыз)
– Қысу иінтірегін 3 толығымен ашыңыз. Тегістеу төсемі 2
енді бос және оны алуға болады.
– Жаңа тегістеу төсемін 2 салыңыз. Тегістеу таспасының
ішкі жағындағы көрсеткі бағыттарының электр
құралының корпусындағы көрсеткі бағыттарына сай
болуына көз жеткізіңіз.
– Бекіту иінтірегін 3 қайтадан бастапқы күйге бұрыңыз.
– Электр құралды көтеріңіз және қосыңыз. Төсемді
дәлдеу түймешесімен 9 тегістеу таспасының қыры
бағыттайтын науамен 14 бірдей болғаныша реттеңіз.
Тегістеу таспасы 2 корпуске тимеуін қамтамасыз етіңіз.
Төсемді жүйелік түрде тексеріп дәлде түймешесімен 9
реттеңіз.
Тегістеу таспасын таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі тегістеу таспалары ұсынылады:
Bosch Power Tools
Барлық ағаштық заттектерді
өңдеу үшін
Сүргіленбеген брус немесе
тақтайларды алдын ала
тегістеу үшін
Жалпақ тегістеу және аздаған
кедір - бүдірді тегістеу үшін
Қатты ағаштарды соңғы және
нәзік тегістеу үшін
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 5 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 5 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 6 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 5 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 6 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 5 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Таспа жылдамдығын алдын ала таңдау
Тегістеу төсемін беру жылдамдығын таңдауға арналған
реттегіш дөңгелек 4 көмегімен жұмыс кезінде төсемнің
қажет жылдамдығын таңдауға болады.
Талап етілетін таспа жылдамдығын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Пайдалану нұсқаулары
Тегістеуде ажырату қуаты мен бет сапасы таңдалған
тегістеу таспасына және алдын ала таңдалған
жылдамдығына байланысты. Лентаның жылдамдығы
неғұрлым жоғары болса, алу соғұрлым жоғары және
тегістеу беті соғұрлым жұқа болады.
Тек мінсіз тегістеу таспасымен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Тегістеу таспасының пайдалану мерзімін ұзарту үшін кіші
басу қуатымен жұмыс істеңіз. Электр құралдың салмағы
жақсы тегістеу өнімділігі үшін жеткілікті. Өте қатты басу
электр құралы мен тегістеу таспасының тез тозуын
тудырады.
Қосылған электр құралды өңделетін бетке қойыңыз.
Орташа жылжытумен жұмыс істеп тегістеу әдісін тегістеу
жолдарына параллельді және үстінен апарыңыз.
Қaзақша | 95
Түйіршіктілік
40—320
дөрекі
40, 60
80, 100, 120,
орташа
150
180, 220, 280,
майда
320
2 609 932 906 | (2.12.13)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Pbs 75 aPbs 75 aeWeu pbs 75 aWeu pbs 75 ae

Table des Matières