Bosch GCG 18V-600 Professional Notice Originale page 130

Masquer les pouces Voir aussi pour GCG 18V-600 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
130 | Қазақ
– Тісті рейканы (7) тісті рейканы босату аспабымен (12)
босатып, тісті рейканы артқа қарай тартыңыз.
– Жеңдік пакетті алдыңғы жағынан кесіп алыңыз және
жеңдік пакетті пакет пен картридж ұстағышына
кіргізіңіз.
– Жарамды бүріккіш форсунканы жеңдік пакетке
орнатып, пакет пен картридж ұстағышын (2)
қалпақшамен (1) жауып қойыңыз.
– Босатылған тісті рейканы пластмассалық қыспа
диск (4) жеңдік пакетке тигенше абайлап алға
жылжытыңыз.
– Қажет болса, бүріккіш форсунканы талаптарға сәйкес
кесіңіз.
Егер картриджді пресс бұрыннан картриджбен бірге
қолданылған болса, төмендегідей әрекет етіңіз (A суретін
қараңыз):
– Тісті рейканы (7) тісті рейканы босату аспабымен (12)
босатып, тісті рейканы артқа қарай тартыңыз.
– Пакет пен картридж ұстағышын (2) картриджді
престен бұрап шығарыңыз.
– Алюминий қыспа дискіні (6) алып, оны 180°
шамасына бұраңыз (бұдыр жағын артқа қаратып) және
қайта орнатыңыз.
– Алюминий қыспа дискіні (6) алдымен металл қыспа
дискіге  (5) орнатып, пластмассалық қыспа дискіге (4)
қойыңыз. Қыспа гайканы (3) бұрандаға бұрап қойып,
мықтап бекітіңіз.
– Пакет пен картридж ұстағышын (2) картриджді преске
бұрап қойыңыз. Байланыс қақпағын (8) ұстап
тұрыңыз.
– Қалпақшаны (1) пакет пен картридж ұстағышынан (2)
бұрап алыңыз.
– Жеңдік пакетті алдыңғы жағынан кесіп алыңыз және
жеңдік пакетті пакет пен картридж ұстағышына (2)
кіргізіңіз.
– Жарамды бүріккіш форсунканы жеңдік пакет алдында
орнатып, пакет пен картридж ұстағышын (2)
қалпақшамен (1) жауып қойыңыз.
– Босатылған тісті рейканы пластмассалық қыспа
диск (4) жеңдік пакетке тигенше абайлап алға
жылжытыңыз.
– Қажет болса, бүріккіш форсунканы талаптарға сәйкес
кесіңіз.
Картриджді орнату
Егер картриджді пресс алдын картриджмен қолданған
болса, төмендегідей әрекет жасаңыз:
– Тісті рейканы (7) тісті рейканы босату аспабымен (12)
босатып, тісті рейканы артқа қарай тартыңыз.
– Қалпақшаны (1) пакет пен картридж ұстағышынан (2)
бұрап алыңыз.
– Картриджді алдыңғы жағынан кесіп, бүріккіш
форсунканы бұрап қойыңыз.
– Картриджді орнатып, пакет пен картридж
ұстағышын (2) қалпақшамен (1) жауып қойыңыз.
1 609 92A 7G3 | (29.03.2022)
– Босатылған тісті рейканы, алюминий қысқыш (6)
картриджге тигенше, абайлап алға жылжытыңыз.
– Қажет болса, бүріккіш форсунканы талаптарға сәйкес
кесіңіз.
Егер картриджді пресс жеңдік пакетпен бірге бұрыннан
қолданылған болса, төмендегідей әрекет етіңіз (B суретін
қараңыз):
– Тісті рейканы (7) тісті рейканы босату аспабымен (12)
босатып, тісті рейканы артқа қарай тартыңыз.
– Пакет пен картридж ұстағышын (2) картриджді
престен бұрап шығарыңыз.
– Пластмассалық қыспа дискіні (4) және металл қыспа
дискіні (5) алып тастау үшін пластмассалық қыспа
дискіні төмен қарай бұраңыз.
– Алюминий қыспа дискіні (6) алып, оны 180°
шамасына бұраңыз (бұдыр жағын алға қаратып) және
қайта орнатыңыз. Алюминий қыспа дискіні (6) қыспа
гайкамен (3) бұрап бекітіңіз.
– Пакет пен картридж ұстағышын (2) картриджді преске
бұрап қойыңыз. Байланыс қақпағын (8) ұстап
тұрыңыз.
– Қалпақшаны (1) пакет пен картридж ұстағышынан (2)
бұрап алыңыз.
– Картриджді алдыңғы жағынан кесіп, бүріккіш
форсунканы бұрап қойыңыз.
– Картриджді орнатып, пакет пен картридж
ұстағышын (2) қалпақшамен (1) жауып қойыңыз.
– Босатылған тісті рейканы, алюминий қысқыш (6)
картриджге тигенше, абайлап алға жылжытыңыз.
– Қажет болса, бүріккіш форсунканы талаптарға сәйкес
кесіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Беріліс жылдамдығын реттеу
Ажыратқышты (13) басу күшін өзгерте отырып, тісті
рейканың (7) беріліс жылдамдығын қосылған біртіндеп
реттеуге болады.
Беріліс жылдамдығының реттегіш дөңгелегімен (11) тісті
рейканың (7) максималды беріліс жылдамдығын алдын
ала таңдауға болады. Жоғары мәндер жоғары беріліс
жылдамдығын, ал төмен мәндер төмен беріліс
жылдамдығын білдіреді. Алдын ала таңдалған мәнді
жұмыс істеу кезінде де өзгертуге болады.
Қысып шығарған материалдың көлемі бүріккіш саптама
саңылауының өлшеміне де байланысты болады.
Қосу/өшіру
Картридждік прессті қосу үшін құлыпты (14) төмен қарай
жылжытыңыз. Содан кейін ажыратқышты (13) басыңыз.
Картридждік прессті өшіру үшін ажыратқышты (13)
жіберіңіз. Тісті рейка (7) бірден тұрақ күйіне жылжып,
материалдың әрі қарай қысып шығарылуына жол
бермейді.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières