Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch 0 607 352 113 Mode D'emploi

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 24
OBJ_BUCH-2005-001.book Page 179 Wednesday, August 28, 2013 8:57 AM
Пневматикалық бұрыштық тегістеу машинасымен
орындалатын жұмыстар
Қолданылатын құралдарды, мысалы, тегістеу, кесетін
және желпуіш тәрізді тегістеу шеңберлерін және резеңке
тегістеу шеңберлерін таңдау мақсатқа және қолдану
саласына байланысты.
Тегістеу шеңберін жай басып, біркелкі артқа және алға
жүргізгенде оңтайлы тегістеу нәтижелері алынады.
Тым қатты басу пневматикалық құралдың жұмысының
тиімділігінің төмендеуіне және абразивті құралдың тезірек
тозуына әкеледі.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен тегістеу
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен (құрал) сонымен
бірге дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге
болады.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберлері әдеттегі тегістеу
шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді,
азырақ шу шығарады және тегістеу температурасы азырақ
болады.
Металдарды кесу (H суретін қарау)
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз.
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Пневматикалық құралды әрқашан кері бағытта жүргізу
керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу
кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.
Тасты кесу
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
 Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
 Пневматикалық құралды тек құрғақ кесу/құрғақ
тегістеу үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.
Төңкерілуден қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
бағыттағыштары бар кесуге арналған шығарғыш
қаптаманы пайдалану керек.
Құралмен тең шаңсорғышпен бірге жұмыс істеңіз және
оған қоса респираторды киіңіз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
– Пневматикалық құралды қосыңыз және оны
бағыттағыш каретканың алдыңғы бөлігінің көмегімен
дайындамаға қарай орнатыңыз. Пневматикалық
құралды біркелкі, өңделіп жатқан материалға сәйкес
берумен жүргізіңіз.
Bosch Power Tools
Құрамында қиыршық тас өте көп аса қатты
материалдарды, мысалы, бетонды, өңдеу кезінде алмас
шеңбер қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас
шеңбердегі ұшқындар осыны білдіреді.
Бұл жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас шеңберді
бос жүрісте, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт бойы
салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқындар алмас
кесу шеңбері өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны
абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште,
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Статика туралы нұсқаулар
Тірек қабырғалардағы ойықтарға DIN 1053 нормасының 1
тармағы немесе сәйкес елдегі ереже қолданылады.
Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты
бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен,
сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.
Сыдырып тегістеу
 Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
30° - 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде
ең жақсы нәтижелер алуға болады. Пневматикалық
құралды біркелкі басумен артқа және алға жылжытыңыз.
Бұл кезде дайындама тым қатты қызбайды, түсін
өзгертпейді және арналар пайда болмайды.
Егеуқұм қағазымен тегістеу
Қолайлы тегістеу қағазын таңдау өңдеу керек материалға
байланысты.
Bosch резеңке тегістеу шеңберіне жарайтын, сапасы әр
түрлі тегістеу қағаз түрлерін ұсынады. Маманнан кеңес
алыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
маман оқыған қызметкерлер орындасын. Сол
арқылы пневматикалық құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді ретте орындайды.
Тек Bosch түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін
пайдаланыңыз.
Жүйелік түрдегі тазалау
– Пневматикалық құралдың ауа кірісіндегі торын жүйелік
түрде тазалаңыз. Бұл үшін шлангтық келте құбырды 1
шешіп торды шаңдан және ластан тазалаңыз. Сосын
шлангтық келте құбырды қайта орнатыңыз.
– Сығылған ауа ішіндегі су мен лас бөлшектері зеңдеу
себебі болып қатпар, клапан т.б. тозуына алып келуі
мүмкін. Алдын алу үшін ауа кірісіне 18 бірнеше тамшы
мотор майын тамызу керек. Пневматикалық құралды
қайта ауа жетістіруіне қосып ( „Ауа жетістіруге қосылу",
177 бетін қараңыз) оны 5 –10 с істетіп, шығатып
майын шүберекпен сүртіңіз. Егер пневматикалық
құрал ұзақ уақыт пайдаланылмаса бқл әдісті
әрдайым орындау керек.
Қaзақша | 179
3 609 929 C70 | (28.8.13)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

0 607 352 114

Table des Matières