Bosch GDR 180-LI Professional Notice Originale page 125

Masquer les pouces Voir aussi pour GDR 180-LI Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
OBJ_BUCH-3494-001.book Page 125 Friday, January 12, 2018 1:41 PM
Аккумуляторды шешу
Аккумулятордың 3 екі бекіту басқышы бар, олар
аккумудяторды ашу пернесі 4 кездейсоқ басылып
аккумулятор түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор электр
құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында ұстап
тұрады.
Аккумуляторды 3 шығару үшін ашу пернесін 4 басып,
аккумуляторды электр құралынан алға тартып
шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру (A мен B суреттерін
қараңыз)
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
 Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспаптарды орнатқанда олардың
аспап патронында бекем тұруына көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспап аспап патронымен бекем
біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі
мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
GDR 180-LI:
Бекіту төлкесін 2 алға тартып алмалы-салмалы аспапты
тірелгенше аспап патронына 1 жылжытып бекіту төлкесін
2 жіберіп алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Бұрау үшін тек 9 (DIN 3126-E6.3) шарлық ысырмасы бар
қондырма биталарды пайдаланыңыз. Басқа қондырма
биталарды 11 шарлық ысырмасы бар әмбебап бита
ұстағышы 10 арқылы орнатыңыз.
GDX 180-LI:
Алмалы-салмалы аспапты 12 аспап патронының 1
квадратына салыңыз.
Жүйеге байланысты ретте алмалы-салмалы аспап 12
аспап патронында 1 аздап бос тұрады; бұл жұмыс
істеуіне/қаупсіздігіне әсер етпейді.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Бекіту төлкесін 2 алдынға жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
Bosch Power Tools
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны 1 алмалы-салмалы аспабпен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмы арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс әдісі екі басқышқа бөлектенеді:
Бұрау мен тарту (қағу механизмі жұмыста).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады. Бұранда
немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Реверсивті ауыстырып-қосқыш 5 орташа қуатқа реттеп
электр құралын кездейсоқ қосылуынан сақтайсыз.
Зарядталған аккумуляторды 3 алдынан электр құралының
тұтқасына аккумулятор бекем бұғатталғанша салыңыз.
Айналу бағытын орнату (C суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 5 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 6 басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 5 солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: Бұрандалар мен сомындарды
босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 5 оңға тірелгенше басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 6 басып
тұрыңыз.
Шырақ 7 косқыш/өшіргішті 6 жай немесе толық
басылқанда жанып жетерлік болмаған жарықтық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 6
жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 6 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті 6 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.
Пайдалану нұсқаулары
 Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.
Бұрау моменті қағу ұзақтығына байланысты. Максималды
бұрау моменті барлық қағулар арқылы жетілген бұрау
1 609 92A 4AP | (12.1.18)
Қaзақша | 125

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gdx 180-li professional

Table des Matières