Hilti TE 1000-AVR 02 Mode D'emploi Original page 134

Burineur
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 14
3. Қашау әрекетін бетон бетіне 70° - 80° бұрышпен бастап, ұшты жиекке бағыттаңыз. Содан кейін
бұрышты 90° бағытпен жылжытыңыз және материалды сындырып алыңыз.
◁ Арматуралық болатпен жұмыс істегенде, әрқашан кескішті арматуралық болат үстімен емес,
материал жиегінің үстімен жүргізіңіз.
4. Кескішті жүйелі түрде айналдырыңыз, себебі біркелкі тозу өздігінен өткірлеу процесіне қолдау
көрсетеді.
5.2.2 Қашау қуатын орнату
▶ Қуат ауыстырып-қосқышын басыңыз.
◁ Қуат ауыстырып-қосқышын басу арқылы қашау қуатын шам. 70%-ға төмендетуге болады.
Нұсқау
Қашау қуатын реттеу тек аспап қосулы кезде мүмкін болады. Ауыстырып-қосқышты қайтадан
басу арқылы толық қашау қуатына ауыстыру орындалады. Аспапты өшіріп, қайта қосқан
жағдайда, ол, сонымен бірге, толық қашау қуатына ауысады.
6 Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым тартып шығарыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке
апарып соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Зақымдалған және/немесе ақаулы электрлік аспапты қолданбаңыз. Бірден Hilti қызмет көрсету
орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
6.1 Шаңнан қорғайтын қапты тазалау
▶ Құрал бекіткішіндегі шаңнан қорғайтын қапты таза, құрғақ шүберекпен тұрақты түрде тазалаңыз.
▶ Тығыздағышты жайлап тазалап сүртіңіз және оған Hilti жағармайының аз қабатын жағыңыз.
▶ Тығыздағыш зақымдалған болса, шаңнан қорғайтын қапты міндетті түрде ауыстырыңыз.
7 Тасымалдау және сақтау
Электр аспапты енгізілген құралымен бірге тасымалдамаңыз.
Электр аспапты әрқашан ажыратылған ашасымен бірге сақтаңыз.
Аспапты құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Электр аспапты ұзақ уақыт тасымалдаған не сақтаған соң, оны пайдалану алдында зақымдардың
бар-жоғын тексеріңіз.
130
Қазақ
Printed: 07.06.2017 | Doc-Nr: PUB / 5165616 / 000 / 05

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières