Bosch PWS Universal Notice Originale page 175

Masquer les pouces Voir aussi pour PWS Universal:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
OBJ_BUCH-2491-002.book Page 175 Monday, June 29, 2015 10:35 AM
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз "Техникалық мәліметтер" де
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуіріне
дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірінен соң
2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті
анықтамаларына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін
және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз:
EN 60745-1, EN 60745-2-3.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Leinfelden, 29.06.2015
Жинау
Қорғаныш жабдықтарын орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ескертпе: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса
немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары
бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу
керек, мекенжайларды "Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері" тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы 6 электр
құралының патронына
қорғағыш қаптамасының кодтау
жұдырықшалары патронға
сәйкес келгенше салыңыз.
Бұғаттаудан шығару иінтірегін 1
басып ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы
қорғашғы қаптаманы 6 басып,
қаптамадағы буртикті электр
құралдың фланеціне
отырғызыңыз және қорғағыш
қаптаманы шырт еткен дыбыс
естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманы 6 жұмыс
процесінің талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін
бұғаттаудын шығару иінтірегін 1 жоғары басыңыз және
қорғағыш қаптаманы 6 қажет күйге бұрыңыз.
 Қорғағыш қаптаманы 6 3 қызыл жұдырықша
барлығы бұғаттаудан шығару иінтірегінде 1
қорғағыш қаптаманың 6 тиісті ойықтарына кіретін
етіп орнатыңыз.
 Қорғағыш қаптаманы 6 оператордың жағына қарай
ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
Bosch Power Tools
 Қорғағыш қаптама 6 бұғаттаудан шығару иінтірегін
1 пайдаланғанда ғана бұрылуы керек! Әйтпесе
құралды ары қарай пайдалану мүмкін емес және
сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: Қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
6 тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 10
пайдаланыңыз.
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама 10 сонымен бірге тегістеуге арналған
қорғағыш қаптама 6 ретінд де орнатылады.
Бағыттауыштар көмегімен кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары 17 бар қорғағыш қаптама тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама 6 ретінде де орнатылады.
Қосымша тұтқа
 Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 4 менен
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны 4 редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қол қорғағышы
 Резеңке тегістеу тәрелкесімен 13 немесе тостаған
тәрізді қылшақпен/дискілік щеткамен/жапырақ
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын 12 орнатыңыз.
Қол қорғағышын 12 қосымша тұтқа 4 көмегімен бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін 5 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді
бекіту түймесін 2 басып, шпиндельді бекітіңіз.
 Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату
тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу
шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр
құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз
(редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз).
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Қaзақша | 175
1 609 92A 1CA | (29.6.15)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Pws universal+Pws universal+ 125

Table des Matières