Bosch AXT 22 D Notice Originale page 178

Masquer les pouces Voir aussi pour AXT 22 D:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
178 | Қазақша
Пайдалану
Пайдалануға ендіру (G суретін қараңыз)
Бақ электрбұйымын әрқашан тұрақты, тегіс жер
үстінен қойыңыз. Жұмыс уақытында бақ
электрбұйымын аудармаңыз не жылжытпаңыз.
Өшірілгеннен кейін қозғалтқыш әрі жұмыс істеп
тұрады!
Ағаш тамырлары бар жентек не түбірлерін топырақтан
босатыңыз. Тас, әйнек, металл, текстиль және пластик
сияқты бөтен заттар толтыру құйғышына 8 түспеулері
қажет. Осылар ішіне түсуп қалғанда кесу білікшесі 16
зақымданып бұзылуы мүмкін.
Толтыру құйғышы 8 бос болуы керек.
Қосу
Жасыл түймешігін басыңыз 4.
Өшіру
Қызыл Stopp-түймешігін басыңы з 5.
Механика жүйесін қорғау үшін бақ электрбұйымын 2 с
ішінде жаңадан іске қосуға болмайды.
Қайта қозғалу сақтағышы
Бақ электрбұйымы электр тоқ берілінуі тоқтатылғанда
өшірілетін болады. Электр тоғы қайта берілгенінде бақ
электрбұйымы автоматты түрде өз-өзімен іске қайта
қосыла алмайды.
Кері жүріс
Сары түймешікті 6 бұру бағытын кері өзгерту үшін
басыңыз.
Кесу білікшесі 16 қарсы бағытпен жүріп, осының
арқасында бөгеттелген материалды босатады.
Артық жүктеу қорғанысы
Тым жоғары жүктеу (мысалы кесу білікшесін бөгеттеу 16)
бірнеше секндтан кейін бақ электрбұймының
тоқтатылуына апарады, дыбыс белгісі естіледі.
Қатені жою үшін қызыл Stopp-түймешігін басыңыз. Одан
кейін бақ электрбұйымын кері ретпен іске қосыңыз.
Сары түймешікті 6 бөгеттелген кесу механизмін босату
үшін басып, оны басып тұра беріңіз.
Бақ электрбұйымын осы ретпен іске қосқанда, ол іске
қосыла алмайды, дыбыс белгісі қосылады.
Егер бөгет жойыла алынбаса басу тақтасын 15 кесу
механизмінен шығарып алып қою керек.
Бұл әрекект барысында орнату түймешігін 10 біраз сағат
тіліне қарсы бағытта «бөгеттелген» материал
босатылғанша дейін бұру керек. Одан кейін 15 басу
тақтасының параметрлерін орнату керек («Басу тақтасын
реттеу (H суретін қараңыз)» қараңыз).
F 016 L81 437 | (23.11.15)
Пайдалану нұсқаулары
Бақ электрбұйымын қолдану уақытында әрқашан
қорғаныс көзәйнектерін, құлақ сақтағышын және
қорғау қолғапшаларын киіп жүріңіз.
Қолдану алдынан әрқашан жинау жәшігі мен
толтыру құйғышының дұрыс түрде құрастырылып
орнатылуын тексеріңіз.
Бақ электрбұйымы сенсорлармен жабдықталған. Жинау
жәшігі 11 мен толтыру құйғышы 8 қате орнатылып
қойылғанда бақ электрбұймы іске қосылмайды, дыбыс
белгісі естіледі (AXT 23 TC/25 TC/2550 TC құрылғысында
осыған қосымша 2 LED диодтық шамдары 14 жыпықтап
жанады).
Қатені жою үшін қызыл Stopp-түймешігін басыңыз.
Кесілетін өнімдерді енгізіңіз. Енгізілген материал кесу
білікше 16 арқылы өз-өзімен тартылады.
Бақ электрбұйымынан шығып тұратын, көлемі
ұзағырақ болатын кесілетін өнімдер тартылған
уақытта шыбықтар сияқты шығып кетіп тұруы
мүмкін; сондықтан жеткілікті қауіпсіздік аралықта
тұруыңыз лазым!
– Әрқашан ішіне толтыру құйғышы 8 бітеліп қалмайтын
қылып қана материал салуыңыз керек.
– Солғын, ылғалды және бірнеше күн бойы сақталған бақ
қалдықтарын бұтақтарды кесумен кезектеп кесіңіз.
Бұл әрекет арқылы кесу білікшесінің 16 бітеліп қалуына
жол берілмейді.
– Қатты консистенциясы жоқ жұмсақ қалдықтарын,
мысалы ас-үй қалдықтарын, кеспей, оларды тікелей
компост жинау жерлеріне апарып төгіңіз.
– Кесілген материал шығару науасынан еркін түсіп қала
алуын есте сақтауыңыз лазым.– Кері қысым кауібі!
– Желдету саңылауларының 3 кесілген материал арқылы
жабылуына жол беруге болмайды.
– Шығару науасында бітеліп қалуға жол бермеңіз, себебі
ол кесілген өнімдердің толтыру құйғышта 8 кері
соққыға апаруы мүмкін.
Ұсақтап кесу бойынша нұсқаулар
Бұтақтарды ұсақтап кесу ағаш түрі, жасы мен құрғақтағына
қарай оңайрақ не ауыррақ болуы мүмкін.
Жаңа кесілген бұтақтарды кесілгеннен кейін ұзартпай
ұсақтап кескенде мінсіз нәтижелерге жетесіз.
Жұмсақ бақ қалдықтарын шағын көлемде ұсақтап кесу
лазым, әсіресе ұсақтап кесілетін өнімдер ылғалды күйде
болғанда. Бөгеттелуге жол бермеу үшін ұдайы бұтақтарды
ұсақтап кесіп отыру қажет.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Axt 25 dAxt 23 tcAxt 25 tcAxt 2550 tc

Table des Matières