Panasonic TY-ST103PF9 Manuel D'installation page 112

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 51
Орнатқан кезде барлық бұрандаларының мықтап тартылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер бөлшектерін жинаған кезде бұрандалардың дұрыс тартылғанына көз жеткізуге күтім жеткілікті
деңгейде жасалмаса, тіректің плазмалық дисплейді ұстап тұруына күші жетпейді, осының салдарынан
оның құлап зақымдалуы жəне адамды жарақаттауы мүмкін.
Жел кіретін тесіктерді жауып тастамаңыз. Тіректі пайдалану кезінде плазмалық дисплейдің
төменгі беті мен еден бетінің арасындағы кеңістікті жауып тастамаңыз.
• Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Жоғарғы, сол жəне оң жақтарынан кемінде 30 см, ал артынан кемінде 20 см бос орын
қалдырыңыз. Сондай-ақ, төменгі жағынан біраз орын қалдырыңыз.
• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Қолдану ережелері
1) Егер құрылғы күн тікелей түсетін жерге немесе пештің жанына қойлса, жарық пен ыстық түсін немесе
пішінін өзгертуі мүмкін.
2) Дисплейді тазалау жəне сүрту үшін жұмсақ құрық (мақта немесе жүннен тоқылған) матаны
пайдаланыңыз. Егер құрылғы қатты кірлеп кетсе, бейтарап тазалау құралының аз бөлігі қосылған
сумен суланған шүберекпен тазалап, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Еріткіш, ысқыш немесе
тұрмыстағы құмтасты тазалауға пайдаланбаңыз, себебі олар беткі қабатын бүлдіруі мүмкін.
(Егер химиялық жолмен өңделген мата пайдалансаңыз, матамен бірге берілген нұсқауларды
орындаңыз.)
3) Аяғының бетін кірлейтіндіктен, жабысқақ таспаны немесе жапсырмаларды жабыстырмаңыз.
Орнатқан кезде есте сақтайтын жайттар
● Плазмалық дисплейдің дұрыс жəне ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін дисплейді келесі
көрсетілген орындарға орнатпаңыз.
• Су шашқыштардың немесе өрт/түтін детекторларының жаны
• Діріл немесе соққы тию қаупі төнетін жерлер
• Жоғары кернеулі сымдардың немесе динамикалық қуат көздерінің жаны
• Магнит өрістері, жылу, су буы немесе күйе шығатын жерлердің жаны
• Жылыту жабдығынан үрленген ауа тиетін жерлер
• Ауа кондиционерінен немесе басқа құрылғыдан шығатын конденсат тамшылары түзілетін жерлер
● Плазмалық дисплейдің қуат сымының штепселін жақындағы жəне оңай қол жетерлі қабырға
розеткасына қосыңыз.
● Дисплей төңірегінде температура 40 °C градустан аспауы үшін жетерліше желдетуді қаматмасыз
етіңіз. Егер дисплей ішіндегі ауа айналымы аз болса, дисплейдің іші қызып кетуі жəне өрт алуы
мүмкін.
● Бекіту болттары немесе қуат сымдарды қабырға ішіндегі кез келген металдарға тигізбей
орнатыңыз.
● Құрастырған жəне орнатқан кезде түпқойма мен едендің сызылмауы немесе сырылмауы үшін еденге
жұмсақ көрпе немесе шүберек төсеп қойыңыз.
● Құрастыру жəне орнату нұсқауларына қарап, жазық əрі тегіс бетте құрастырып орнатыңыз.
● Бөлшектерді бұрандамен бекіткен кезде, бұрандалардың бос немесе тым қатты тартылмауын
қадағалаңыз.
● Құрастыру жəне орнату кезінде, не болмаса жұмыс барысында қозғалып жүргенде, айналаңызда
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті шаралар қолданыңыз.
● "Орнату туралы сақтық шараларын" оқып шығып, оларды орындауды ұмытпаңыз.
КƏСІБИ МАМАНДАР ОРНАТУЫ ҚАЖЕТ.
PANASONIC, ДҰРЫС ОРНАТПАУ НЕМЕСЕ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН
МҮЛІККЕ КЕЛГЕН ЗИЯН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЛІМ ҮШІН ЖАУАП
БЕРМЕЙДІ.
125

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières