Bosch GEX 125 AVE Professional Notice Originale page 136

Masquer les pouces Voir aussi pour GEX 125 AVE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 19
OBJ_BUCH-1330-004.book Page 136 Tuesday, December 3, 2013 10:46 AM
136 | Қaзақша
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде
сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқа 1 оңтайлы қолдану мен оптималды күш
таралуын қамтамасыз етеді, әсіресе жоғары тегістеу
шығынында.
Қосымша тұтқаны 1 бұрандамен 2 корпусте бекітіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті басыңыз 4.
Қосқыш/өшіргішті бұғаттау үшін оны басып ұстап реттеу
түймешесін 5 қосымша басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 4.
Қосқыш/өшіргіш 4 тірелген соң, әуелі оны басып сосын
жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы 3 қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
1 –2
төмен тербелу саны
3 –4
орташа тербелу саны
5 –6
жоғары тербелу саны
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші ьербелу санында
істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары
тербелу санына қосу керек.
Тегістеу тәрелкесінің тежегіші
Кірістірілген тегістеу тәрелгесінің тежегіші бос жүрісте
тербелу санын төмендетіп электр құралын дайындамаға
қоюда сызат пайда болуының алды алынады.
Егер бос жүріс тербелу саны көтерілсе, тегістеу тәрелкесі
зақымдалған болып оны алмастыру керек немесе тегістеу
тәрелкесінің тежегіші тозғын. Тозған тегістеу тәрелкеснің
тежегіші өкілетті Bosch электр құралының қызмет көрсету
орталығында алмастырылуы қажет.
Пайдалану нұсқаулары
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
2 609 932 909 | (3.12.13)
 Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
Аймақтарды тегістеу
Электр құралын қосып толық ажарлау бетін өңделетін
жерге қойып күшпен қатты басып дайындама үстінен
жылжытыңыз.
Көшіру қуаты мен тегістелген бет сапасы таңдалған
тегістеу дискісі, алдын ала таңдалған тербелу саны
басқышы және басу қысымы арқылы анықталады.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты
басуға талпыныңыз.
Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез
тозуын тудырады.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін
пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқалы Bosch ажарлау жабдықтарын
пайдаланыңыз.
Ірі тегістеу
Ірі түйіршіктіліктік ажарлау дискісін орнатыңыз.
Электр құралын тек жай басыңыз, онда ол жоғары тербелу
санымен жұмыс істеп көбірек материал алынады.
Майда тегістеу
Майда түйіршіктіліктік тегістеу дискісін орнатыңыз.
Басу қысымын немесе тербелу санының басқышын
өщгерту арқылы тегістеу тәрелкесінің тербелу санын
қысқартып эксцентрик қозғалысты сақтау мүмкін.
Электр құралды аз қысыммен, бетке параллель немесе
ішінара көлденең және тік бағытта дайындамаға қарай
жылжытыңыз. Шере сияқты өңделетін даындаманы қатты
тегістемеу үшін электр құралын қисатпаңыз.
Жұмыс әдісін аяқтағанан соң электр құралын өшіріңіз.
Жылтырату
Жел қаққан лактарды немесе қырылған жерлерді
жылтырату (мысалы, акрилдік шыны) үшін электр
құралын тиісті қозы жүніне жасалған өқап, жылырату киізі
немесе губкасы (жабдықтар) сияқты жылтырату
саймандарымен жабдықтау мүмкін.
Жылтырату үшін төмен тербелу санын таңдап (басқыш
1 –2), беттің қызып кетуінің алдын аласыз.
Политураны жылтыратылатын аймақтан кішірек етіп
жағыңыз. Жылтырату затын сәйкес жылтырату құралымен
крест тәрізінде немесе айнала тәрізінде және қатты басып
өңдеңіз.
Жылтырату заты бетте қатуы мүмкін емес, әйтпесе бет
зақымдануы мүмкін. Жылтырату аймағын тікелей күн
сәулелеріне қаратпаңыз.
Жақсы жылтырату нәтижелеріне жету үшін жылтырату
саймандарын жүйелік түрде тазалаңыз. Жылтырату
саймандарын жұмсақ жуғыш затпен немесе жылы сумен
тазалаңыз, сұйылтқыш пайдаланбаңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières