Bosch Universal 18 GrassCut Notice Originale page 302

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 32
302 | Қазақ
Іске қосу
Назар аударыңыз: Электрбұйымды тазалау және
u
реттеу жұмыстарын өткізу алдынан алдымен
электр бұйымды өшіріп, аккумуляторын шығарып
алыңыз.
Аккумуляторды қуаттандыру
Желі кернеуіне назар аударыңыз! Тоқ көзінің
u
кернеуі қуаттандыру құралының зауыттық
тақташасындағы мәндеріне сай болуы тиіс.
Аккумулятор, температура деңгейінің тек 0 °C мен 45 °C
арасында ғана қуаттандыруды мүмкін ететін температура
бақылаушы жүйесімен жабдықталған. Осының
арқысында аккумулятордың жұмыс уақыты ұзақ болуы
қамтамасыз етіледі.
Нұсқау: Аккумулятор жартылай қуаттандырылған
қалыпта сатылып не жеткізіліп беріледі. Аккумулятор
жұмысының толық көлемін қамтамасыз ету үшін оны
алғашқы рет пайдалану алдынан алдымен толығымен
қуаттандырып алыңыз.
Литий-иондық аккумуляторды әрқашан қуаттандырып
отыруға болады, бұл оның пайдалану мерзімін ешбір
түрде қысқартпайды. Қуаттандыру барысын үзу
аккумулятордың зақымдануына апармайды.
Литий иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" жүйесі арқылы терең қуатсызданудан қорғалған.
Аккумулятор толығымен қуатсызданып қалған жағдайда
ол құрал қорғау жүйесі арқылы өшіріліп қойылады: Бақ
электрбұйымы жұмыс істемей тұр.
Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін
қосқыш/өшіргіш түймешігін қайта баспаңыз. Бұл
аккумулятордың зақымдауына апаруы мүмкін.
Аккумуляторды кәдеге жарату туралы нұсқауларын
ескеріңіз.
Аккумуляторды енгізу / шығару (G суретін
қараңыз)
Нұсқау: Лайықты болмаған аккумуляторларды қолдану
құралдың дұрыс істемеуіне немесе зақымдануына апара
алады.
Қуаттандырылған аккумуляторды (2) енгізіңіз.
Аккумулятордың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Аккумуляторды (2) құралдан шығарып алу үшін,
аккумуляторды бұғаттан шығару түймешігін (1) басып,
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Қуаттандыру барысы
Қуаттандыру барысы құралдың желі айыры электр
розеткасына енгізіліп, аккумуляор (2) қуаттандыру
құралына (12) енгізілген сәтте басталады.
"Ақылды" қуаттандыру әдісі арқасында аккумулятордың
қуаттандыру күйі автоматты түрде белгіленіп отырып,
аккумулятор температурасы мен кернеуіне қарай отыра
оңтайлы түрде қуаттандыру тоғы таңдалып отырылады.
F 016 L81 803 | (28.02.2019)
Осының арқасында аккумулятор қорғалып, қуаттандыру
құралында сақталғанда әрқашан толығымен қуаттанған
қалпында қала береді.
Көрсеткіш элементтерінің мағынасы
(AL 1815 CV)
Аккумулятор зарядтау индикаторының
жыпылықтауы
Зарядтау әдісі аккумулятордың зарядтау
индикаторының жыпылықтауы арқылы
белгіленеді.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің тұрақты
жануы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
Full
тұрақты жануы аккумулятордың
толығымен қуаттандырылып қойылғанын немесе
аккумулятордың температурасы ұйғарынды қуаттандыру
температуралық аумағынан тыс болып, осының
себебінен қуаттандырыла алынбайтынын білдіреді.
Ұйғарынды температура деңгейі орнатылған сәтте
аккумулятор қуаттандырылатын болады.
Ішіне аккумулятор енгізілмеген жағдайда
аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің тұрақты
жануы желі айырының электр розеткасына енгізіліп,
қуаттандыру құралы іске қосу үшін дайын болып
тұрғанын білдіреді.
Көрсеткіш элементтерінің мағынасы
(AL 1830 CV/AL 1880 CV)
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің жасыл
түспен (тез) жыпықтап тұруы
Жылдам қуаттандыру барысы
аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
жасыл түспен тез жыпықтап тұруы арқылы білдіріледі.
Ескертпе: Жылдам қуаттандыру функциясы тек
аккумулятор температурасының лайықты ұйғарынды
деңгейде болғанында ғана қолданыла алынады,
"Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің жасыл
түспен (баяу) жыпықтап тұруы
Аккумулятордың қуаттандыру күйі шамамен
80% жеткенде, аккумулятордың
қуаттандыру көрсеткіші жасыл түспен баяу жыпықтап
тұрады.
Аккумуляторды дереу пайдалану үшін шығарып алуға
болады.
Жасыл түсті аккумулятор зарядталуының жасыл
жарық диодының үздіксіз жануы
Жасыл түсті аккумуляторды зарядтау жарық
Full
диодының үздіксіз жануы аккумулятордың
толық зарядталғанын білдіреді.
Аккумуляторсыз жарық диодының үздіксіз жануы
айырдың розеткаға салынып зарядтау құралы жұмыс
істеуге дайын екендігін білдіреді.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières