Қауіпсіздік Нұсқаулары - Zanussi ZSG25224 Notice D'utilisation

Masquer les pouces Voir aussi pour ZSG25224:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 33
• Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым келуі
мүмкін жəне құрылғының қолданыс мерзіміне теріс əсер етуі
жəне қауіпті жағдайларға əкелуі мүмкін.
• Корпустың ең кіші өлшемдеріне назар аударыңыз (егер бар
болса). Орнату тарауын қараңыз.
• Құрылғыны іске қосқанда, безендіру үшін қолданылатын
есігі ашық болуға тиіс (егер болса).
• Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уəкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Əрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
70
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне
көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
• Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш
сыммен жалғанса, сымның жерге
тұйықталуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан
тартып суырыңыз.
www.zanussi.com

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Zsg25224xa

Table des Matières