OBJ_BUCH-1688-007.book Page 307 Tuesday, September 13, 2016 3:04 PM
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз "Техникалық мәліметтер" де
сипатталған өнімнің 2009/125/EC (1194/2012 бұйрық),
2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуіріне дейін: 2014/108/EC,
2016 жыл 20 сәуірінен соң 2014/30/EU, 2006/42/EC
ережелеріндегі барлық тиісті анықтамаларына өзгерістері
менен бірге сәйкес екенін және төмендегі нормаларға сай
екенін кепілдендіреміз: EN 61029-1, EN 61029-2-11,
EN 60825-1, EN 50581.
EG тәжирібелі нұсқа сынағының нөмірі 4811001.12001
нөмірі 2140 хабарланған тексеру ұйымы арқылы.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch Power Tools GmbH, PT/ETM9,
70538 Stuttgart, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch Power Tools GmbH
70538 Stuttgart, GERMANY
Stuttgart, 01.01.2017
Орнату мен тасымалдау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
Жеткізу көлемі
Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Алдын ала ара дискісі орнатылған құрама арасы
– Алты қырлы кілт/шлицтік бұрауыш 5
– Шаң қабы 8
қосымша дөңгелек үстел арасы үшін:
– Параллельді тірек 61
– Жылжыту таяғы 62
– Төменгі ара дискісінің қаптамасы 66
Ескертпе: Электр құралын зақымданулар барлығына
тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар
немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және
дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер кедергісіз
істеуін және қысылмауын немесе бөліктер
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Bosch Power Tools
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.
Жұмыс аймағында орнату (a–b суреттерін қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін 3 ойықтары көмектеседі.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқышпен жұмыс аймағында бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде орнату
Bosch фирмасының GTA жұмыс үстелдері электр
құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген
табанда бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама
тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Икемді орнату (ұсынылмайды!)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
құлаудан сақтағышын орнату керек.
Ол үшін құлаудан сақтайтын қысқыш 6 керек болады.
Құлаудан сақтайтын қысқышты алып қоймаңыз.
Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай,
максималды қисайту бұрышындағы аралау кезінде
құлауы мүмкін.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қaзақша | 307
1 609 92A 2P2 | (13.9.16)