Makita DML812 Manuel D'instruction page 149

Masquer les pouces Voir aussi pour DML812:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 8
Таңбалар
Төменде жабдық үшін пайдаланылған таңбалар
көрсетілген. Пайдалану алдында олардың
мағынасын түсінетініңізді тексеріңіз.
• Пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз
• Тек іште пайдалануға арналған
• Тек ЕО елдері үшін
Cd
Ni-MH
Электр жабдықты немесе
Li-ion
батареялар жинағын тұрмыстық
қоқыс материалымен бірге қоқысқа
лақтырмаңыз!
Қоқыс электр және электрондық жабдық,
батареялар мен аккумуляторлар және
қоқыс батареялар мен аккумуляторлар
туралы еуропалық директиваларды
және олардың ұлттық заңдардағы жүзеге
асырылуын ескере отырып, қызмет
көрсету мерзімі біткен электр жабдықты
және батареялар мен батареялар
жинақтарын бөлек жинау және қоршаған
ортаға зиянсыз қайта өңдеу мекемесіне
әкелуі керек.
• Оптикалық сәулелену (ультра күлгін
сәулелер және инфрақызыл сәулелер).
Көздерге немесе теріге әсерді барынша
азайтыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған шамға қарамаңыз.
• Тиісті қалқанды немесе көзді қорғау
құралын пайдаланыңыз.
• Аса сақ болыңыз және көп көңіл бөліңіз!
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУЛЕР
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ
НҰСҚАУЛАР
ЕСКЕРТУ:
өрт, ток соғуы және жарақат алу қаупін, соның
ішінде төмендегілерді азайту үшін қауіпсіздікке
қатысты негізгі сақтық шараларын қолдану керек:
БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП
ШЫҒЫҢЫЗ.
1. Жарыққа қарамаңыз немесе көздеріңізді
жарыққа ашпаңыз. Көздеріңізге зиян тиюі
мүмкін.
2. Жанып тұрған құралды шүберекпен немесе
картонмен, т.б. жаппаңыз немесе бітемеңіз.
Оны жабу немесе бітеу отты тудыруы мүмкін.
3. Бұл құрал су өткізеді. Оны ылғалды жерлерде
пайдаланбаңыз. Оған жаңбырдың немесе
қардың әсерін тигізбеңіз. Оны суда жумаңыз.
4. Қолшам басының ішіне қысқыштармен,
металл құралдармен, т.б. тимеңіз.
5. Түсіріп алу, ұру, т.б. арқылы құралға соққы
тигізбеңіз.
6. Құрал пайдаланылып жатпаса, құралды
әрқашан өшіріңіз және батарея картриджын
шығарыңыз.
7. Батарея құралын пайдалану және күту
• Кездейсоқ іске қосылуын болдырмаңыз.
Құрылғыны батареялар жинағына қосу, көтеру
немесе ұстап жүру алдында ауыстырып-
қосқыш өшірулі күйінде екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны саусақты ауыстырып-қосқышқа қойып
алып жүру немесе ауыстырып-қосқышы қосулы
құрылғының қуатын қосу сәтсіз жағдайларға
әкеледі.
• Кез келген реттеулерді жасау, аксессуарларды
ауыстыру немесе құрылғыны сақтауға қою
алдында батареялар жинағын құрылғыдан
ажыратыңыз. Мұндай алдын алатын қауіпсіздік
шаралары құрылғының кездейсоқ іске қосылуы
қаупін азайтады.
• Тек өндіруші көрсеткен зарядтағышпен
зарядтаңыз. Батареялар жинағының бір
түріне жарамды зарядтағыш басқа батареялар
жинағымен бірге пайдалнағанда өрт қаупін
тудыруы мүмкін.
• Құрылғыны тек арнайы батареялар
жинақтарымен бірге пайдаланыңыз. Кез келген
басқа батареялар жинақтарын пайдалану жарақат
алу және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
149 Қазақ
электр құралдарды пайдаланғанда,

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières